Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Жемқорлықпен күрес – біздің міндетіміз»
«Жемқорлықпен күрес – біздің міндетіміз»
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
05-02-2019 15:50
«Жемқорлықпен күрес – біздің міндетіміз»

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №2 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы «Жемқорлықпен күрес – біздің міндетіміз» атты сұрақ-жауап кеші өтті. Шара басында кітапхана  қызметкері қоғамда  сыбайлас жемқорлықтың белең алуы ел экономикасының дамуын тежейтін өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар оқушыларға ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, заңнамалық жүйесі, нормативтік құжаттары туралы ақпарат берілді.Оқушылар белсенді диалог түрінде өткен сұрақ-жауап кешінде - сыбайлас жемқорлық деген не, оның түрлері мен себептері қандай, оның салдарынан елге және әрбір жеке адамға қандай залал болуы мүмкін деген сияқты бірқатар  мәселелерді талдап, талқылай отырып, әлемдегі және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдері туралы білді.Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы  бойынша бейнематериалдар көрсетілді. Соңында  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - біздің міндетіміз» атты кітап көрмесінде ұсынылған басылымдарға библиографиалық шолу жасалды.

Қалалық орталық кітапхана