«Қазақ халқының ғалымы»
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12-04-2019 17:21
«Қазақ халқының ғалымы»
Қатысушылар: І – ІІ топтағы оқырман көз мүгедектері, көзі көретін оқырмандар
Қаныш, Имантайұлы Сәтпаев 1899 жылы 12 сәуір күні, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. Биыл ғалым-геолог 120  жасқа келер еді. Бұл кісінің есімі бізде ғана емес, шетел мемлекеттеріне танымал. 
Кітапхана қызметкерлері де ғалымның мерейтойын атап өтуді жөн көріп, «Қазақ халқының ғалымы» атты портрет – кешін өткізді.  
Жүргізушілер Қаныш Имантайұлы -  пейілі кең, жаны таза, тума талант, ұлы ғалым, әділ әрі талапшыл болған.  Сәтбаевтың  өмірінің әр сәті маңызды,  жасаған  еңбегі  орасан зор,  баға  жетпес  байлық.  Қаныш Сәтбаев  тағдыры  қалай сынасада, Қазақстан үшін пайдалы әрі мейірімді істі көп жасады. 
Оқырман  назарына  6 дана кітап  басылымдарынан басқа, экспонат ретінде қазбалар (минералдар) көрмеге қойылды.
Іс-шараға 22 адам қатысып,  2 кітап қолға  берілді. 
 
 

 

«Семей  қаласының зағип және нашар көретін
азаматтар арналған арнайы кітапханасы »