Отбасы - алтын діңгек
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
15-05-2019 16:08
Отбасы - алтын діңгек
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №32 мектептің 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы - алтын діңгек» атты тәрбие сағаты өткізілді. 
Шара басында оқушылар отбасының пайда болу тарихы туралы аңыздарды тыңдады. Сондай-ақ қатысушыларға отбасына байланысты түсініктер беріліп, оның адам тұлғасын қалыптастырудағы оң және қайырымды қасиеттерді тәрбиелеудегі рөлі түсіндірілді.
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындап, «жанұя» ұғымына байланысты сөздерді, отбасы туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсіре отырып, отбасылық қарым-қатынастың негізін анықтады. 
Сондай-ақ, балалар «Отбасын ата» байқауына қатысты. Мұнда олар өз отбасында көбінесе нені жақсы көреді, қандай жағдай көңіл-күйлерін түсіреді, ата-аналары неден бақытты болады, анасын қалай  қуантады, демалыс күндері әкесі немен айналысқанды жақсы көреді деген сияқты т.б. сұрақтарға жауап берді.
Байқаудың ең көңілді сәті пантомима сайысы болды, онда қатысушылар отбасында болып жатқан түрлі жағдайларды бейнелеп көрсетті. Рөлдік ойындарға қатысқан оқушылар өз кейіпкеріне сәйкес мінез-құлықтарын, іс-қимылдарын және сөйлеу мәнерін көрсетіп, өздеріне тапсырылған әлеуметтік рөлді тиісті деңгейде жеткізе білді.
Сабақ соңында оқушылар іс-шарадан алған әсерлерімен, көңіл-күйлерімен бөлісіп, оларды «Cезім ағашына» бекітті. «Отбасы - менің тірегім» атты ашық көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана