Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Артур Конан Дойл – детектив жанрының шебері: әдеби кеш
Артур Конан Дойл – детектив жанрының шебері: әдеби кеш
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
15-05-2019 17:06
Артур Конан Дойл – детектив жанрының шебері: әдеби кеш
15 мамыр күні танымал ағылшын жазушысы, детектив жанрының шебері А. Конан Дойлдың туғанына 160 жыл толуына орай ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында технологиялық колледж студенттеріне әдеби кеш ұйымдастырылды. 
Кеш шымылдығы студенттерге «А. Конан Дойлдың өмірінен қызықты деректер» атты бейнепрезентация көрсетілімінен ашылды. Бейнекөрсетілім жазушының кит аулайтын кемемен саяхаты туралы, ағылшын-бур соғысында қатысуы туралы және спиритизм мәселесімен әуестенуі туралы баяндайды. 
А. Конан Дойлдың шығармашылық өмірбаянымен танысқаннан кейін қатысушыларға ұлы жазушының шығармалары бойынша дайындалған «А. Конан Дойлдың шығармаларындағы кейіпкерлер» атты әдеби викториналық сұрақтар ұсынылды. Белсенді жауап берген студенттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды. 
Іс-шара барысында А.Конан Дойлдың экранға шығарылған туындыларынан «Шерлок Холмс және доктор Ватсон» үзіндісі көрсетіліп,  А.Конан Дойлдың шығармаларынан жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге кітап пен ағылшын тіліндегі журналдар қойылды. 
Шара соңында студенттер кітапхананың барлық бөлімдерімен танысып, кітапханаға жазылу шарттары мен қызықтыратын сұрақтарына жауап алды. 
 
 
 
Абай атындағы кітапхана