Нұрлы болашақ
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
10-06-2019 16:22
Нұрлы болашақ
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №8 мектептің «Жас қыран» жазғы лагері демалушыларының қатысуымен «Нұрлы болашақ» республикалық акциясы аясында балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналған «Б.Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» атты саяхат-сабақ өткізілді. 
Шара басында кітапхана қызметкері биыл көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толатынын тілге тиек ете отырып, жазушының көзі тірісінде-ақ қазақ әдебиетінің классигі болғанын атап өтті. Үлкен таралыммен шыққан оның кітаптарын оқырмандар кітапханалардан іздеп жүріп, шын көңілмен оқығаны айтылды.  Сонымен қатар жазушы пьесалар мен киносценарийлер жазғаны, «Менің атым Қожа» және «Балалық шаққа саяхат» повестері бойынша фильмдер түсірілгені жайлы кеңінен әңгімеленді.
Бұдан кейін қатысушылар 1963 жылы экранға шыққан «Менің атым Қожа» көркем фильмінің үзіндісін тамашалап, 1967 жылы Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер фильмдерінің Халықаралық кинофестивалінде арнайы сыйлыққа ие болғанынан хабардар болды.
Сабақ соңында барлық қатысушылар жазушының шығармалары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, «Б.Соқпақбаев - балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесінен орын алған әдебиеттермен танысты.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана