Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Діни экстремизм: қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
Діни экстремизм: қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11-07-2019 12:13
Діни экстремизм: қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында, сондай-ақ халықтың террористік және экстремистік идеология көріністеріне төзімсіздік ахуалын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында «Діни экстремизм: қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция және әскери сот жасағының қызметкерлері, Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің  діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының маманы Қасымжанова Жанна Мәулетқазықызы, Дін мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі Кәрібаев Мақсат Серікұлы, психолог Арманқызы Әмина, сонымен қатар кітапхана оқырмандары қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде кітапхана қызметкері бүгінде діни экстремизм мен лаңкестік әлемдегі ең ауқымды қауіп-қатердің бірі екендігін, сондықтан оған қарсы іс-қимыл мәселесі – мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттердің маңыздысы болғандықтан қоғамдық ортада экстремистік және террористік көріністермен күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын-алу болып табылатындығын атап өтті.
Келесі сөз кезегін алған Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының маманы Ж.М.Қасымжанова діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралу жолдарына бөгет қоюды құқықтық тұрғыда нығайту қажеттігін және экстремизм мен терроризм идеяларын тарататын сайттар мен әлеуметтік желілерді бұғаттап, әдебиеттердің таратылмауының ұтымды жолдарын қарастыру керектігін атап өтті.
Бұдан кейін Дін мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі М.С. Кәрібаев  экстремизм мен терроризмге анықтама бере отырып, діни экстремизм мен терроризмнің пайда болу себептері мен таралуы, экстремистік топтардың әлеуметтік базасы, Қазақстан Республиканың заңнамалық негіздері жайында кеңінен түсіндірді.
Дөңгелек үстелді жалғастырған психолог Ә.Арманқызы қазіргі қоғамдағы жастардың барлығы бірдей діни сауатты болмағандықтан, олар түрлі теріс діни ағымдардың қармағына түсетінін атап өтті. Ол сондай-ақ, өмірде қателіктерге ұрынбай, басқа адамдардың тәжірибесімен танысу үшін көбірек кітап оқудың пайдасын жеткізді. 
Сондай-ақ шара барысында: Діни экстремизм және оның алдын-алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?, Елімізде діни экстремизммен күресті қандай органдар жүргізеді?, Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз? деген  сияқты бірнеше мәселелер  талқыланды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстанның қазіргі кездегі діни жағдайын талқылай келе, діни қақтығыс әлеуетін қарастырып, сараптады. Дөңгелек үстелге қатысқан мамандар оқырмандардың барлық сауалдарына  жауап берді.
Соңында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана