Міндетсіз құқық жоқ
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
11-07-2019 15:44
Міндетсіз құқық жоқ
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Міндетсіз құқық жоқ» атты құқықтық калейдоскоп өткізілді. 
Шара басында кітапхана қызметкері оқырмандарға еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республиканың Конституциясы туралы ақпарат беріп өтті. Сондай-ақ Конституция дегеніміз не, әрбір адамның өз құқықтары мен міндеттерін білудің маңыздылығы және  түрлі жағдайларда өзін қалай дұрыс ұстау керек екендігі туралы кеңінен әңгімеленді.
Сонымен қатар шара барысында өткізілген «Міндетсіз құқық жоқ» атты әдеби-құқықтық ойын   арқылы оқырмандар өз құқықтары мен міндеттерін естеріне түсірді. Әдеби кейіпкерлердің қандай құқықтары бұзылғанын талқылап, өз білімдерін тексеріп, бекітуге мүмкіндік алды. Тапсырманы ойдағыдай орындаған оқырмандар өз ойларымен бөлісті.
Соңында «Заңды білу – заман талабы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана