Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Нұр - Сұлтан – үміт қаласы: өлкетану саяхаты
Нұр - Сұлтан – үміт қаласы: өлкетану саяхаты
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12-07-2019 09:56
Нұр - Сұлтан – үміт қаласы:  өлкетану саяхаты
11 шілде  күні Абай атындағы кітапхана қызметкерлері Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық – әлеуметтік мекемесінде  «Нұр-Сұлтан – үміт қаласы» атты тақырыпта өлкетану саяхатын өткізді. 
Іс-шара бейне саяхат түрінде өтті. Нұр-Сұлтан қаласына өлкелік саяхат астананың темір дәуірін, орта ғасырды және заманауи дамуын қамтыды. Қатысушылар  маңызды археологиялық олжалар – Тәуелсіздік  Сарайының жанындағы патша қорғаны және Бозоқ қалашығы туралы мәлімет алды.  Әр түрлі дәуірлердегі өз ізін қалдырған сәулет ескерткіштері қағидаты бойынша заманауи қала келбеті салынды.  Ақмола көпес үйінің, сталиндік замандағы екі қабатты үйлердің, тың жерлерін игеру кезіндегі сәулетті ғимараттардың, тың игерушілер сарайының фотосуреттері көрсетілді.  Астананың жаңа атауы Нұр-Сұлтан – салауатты таза өмір сүретін қаланың дамуына жаңа серпін береді. Бұл бағыт “Triathlon Towers” алпауыт жобада дамытылатын болады және астананың тағы бір көрікті жері болады. Әрбір сәулетті  ғимарат – бұл тек қаланың ғана емес, бүкіл мемлекеттің ескерткіші. 
Виртуалдық саяхат – қатысушыларға  Қазақстан астанасының дамуын тұтастай көруге мүмкіндік берді. Өзінің көне атауы Бозақтан бастап Астана қазақ тарихында өз атауын алты  рет өзгерткен екен. Шара барысында қатысушылар өздерінің жас кездеріндегі Елорда жайлы ойларымен бөлісті. 
Сонымен бірге қатысушыларға кітап көрмесі мен елордамыз жайлы бейне-ролик ұсынылды. 
Шара соңында Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының 2-курс студенті Төлегенова Нұрия әннен шашу шашып, қарт кісілерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Медициналық – әлеуметтік мекемесінің тұрғыны Шұлғаубаев Керей домбыраның сүйемелдеуімен өз өнерін ортаға  салды.
 
 
 
Абай атындағы кітапхана