Табиғат әлеміне саяхат
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12-07-2019 15:39
Табиғат әлеміне саяхат
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қолөнер шеберханасы» үйірмесі мүшелерінің қатысуымен «Табиғат әлеміне саяхат» тақырыбында виртуалды көрме өткізілді. 
Шара басында кітапхана қызметкері табиғат байлықтары жайлы әңгімелей келе, табиғат ресурстарын қорғаудың қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.
Бұдан кейін слайд-тұсаукесерін көрсете оытырып, табиғаттанушы-жазушылар мен натуралистердің шығармаларына арналған виртуалды көрме ұсынды. Балалар натуралист жазушылар М. Зверев, К. Паустовский, Б. Житков, В. Бианки, М. Пришвин сияқты т.б. қаламгерлердің кітаптарымен танысты. Бұл жазушылардың шығармаларымен оқырмандардың бір буыны ғана емес бірнеше ұрпақтар таныс екендігі және олар табиғатты сүюге, қорғауға, ерекшелікті көруге, байқампаз болуға үйрететіні айтылды. 
Виртуалды көрменің келесі бөлімінде жас оқырмандарды Қазақстанның табиғатымен, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай бірегей қорықтарымен таныстыратын танымдық басылымдар ұсынылды.
Сонымен қатар кітапханашы орманда өзін-өзі ұстау ережерімен таныстырып, «Табиғат құпиялары» атты викториналық ойын өткізді. Балалар өсімдіктер мен жануарлар туралы жұмбақтарды бар ынта-жігерлерімен шешті.
Виртуалды көрменің арқасында балалар табиғат әлеміне қызықты саяхат жасап қана қоймай, табиғатты сүюге, құрметтеуге үйреніп, оны адам өмірінің қайнар көзі ретінде көруге және экологиялық сауаттылық негіздерімен танысуға мүмкіндік алды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана