Адамнан адам тәлім алады
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
09-08-2019 14:51
Адамнан адам тәлім алады
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кішкентай тұрақты оқырмандардың қатысуымен эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Адамнан адам тәлім алады» атты таным сағаты өтті. 
Шара басында кітапханашы тәрбие тал бесіктен берілетінін, баланың ақылды, парасатты, әдепті болып өсуі – ата-ананың мерейі екендігін айта келе, жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие туралы әңгімеледі. 
Сонымен қатар қатысушыларға танымдық эстетикалық тәрбиеге арналған бейнефильм көрсетіліп, «Тәрбие бағыттары» атты слайд-тұсаукесері ұсынылды. 
Іс-шараның жалғасында балалар «Әдепті бала» және «Әдепсіз бала» атты ситуациялық тапсырмаларды орындауға белсене қатысып, тәрбие тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 
Шара соңында кітапханашы берілген тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қою арқылы таным сабағын қорытындылай келе, «Біз әдепті баламыз» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасады. 
 
 
Қалалық орталық кітапхана