Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Абай шығармашылығынан кітап көрмесін ұйымдастыру
Абай шығармашылығынан кітап көрмесін ұйымдастыру
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
12-08-2019 15:04
Абай шығармашылығынан кітап көрмесін ұйымдастыру
2019 жылдың 09 тамыз күні сағат 15.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Абай шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. 
Кітап көрмесіне ақынның өлеңдер жинағымен қара сөздері, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы, «Абай» журналы,  және басқада Абай туралы жазылған еңбектер қойылды.
Шараның мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды. 
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
 
 

КМҚК  «Семей қаласының Орталық мәдениет және демалыс  саябағы»  әкімшілігі