Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Ана мен баланы әлеуметтік қорғау
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
04-10-2019 09:25
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Радиотехника және байланыс колледжінің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен гендерлік саясат бағытында «Ана мен баланы әлеуметтік қорғау» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері гендерлік саясаттың мақсаты мен негізгі қағидалары туралы әңгімелей келе, әр халықтың, әр ұлттың әйел-аналарының қоғамның қалыптасуына ықпал етуі баға жетпес үлес болып табылатынын атап өтті. Ұлт тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған олардың жас ұрпақты тәрбиелеп, қалыптастырудағы зор еңбегінің маңыздылығы жайлы айтылды.
Студенттер «Әйел және саясат», «Бізге гендерлік саясат қажет пе?», «Әйел-көшбасшы», «Қазіргі әлемдегі еркек пен әйел» т.б. сұрақтарды талқылап, отбасы құндылығы, ана мен баланы әлеуметтік қорғаудың маңыздылығы туралы «Менің отбасым» сауалнамасына қатысты.
Шара соңында «Ана мен баланы әлеуметтік қорғау» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана