Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
07-10-2019 12:45
Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №20 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты құқық алаңы өтті.
Іс-шара қатысушылардың Балалар құқығы туралы конвенциямен танысуымен басталды.
Кітапханашы адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында көрсетілген негізгі құқықтар туралы: білім алу құқығы, жеке өмірді қорғау, некеге тұру құқығы, мамандықты еркін таңдау құқығы және оқу мен еңбек етудің қолайлы жағдайы туралы айтып өтті.
Іс-шара қонақтары Әуезов полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары полиция капитаны Д.Г.Кабышева және Б.С.Жумадилова жасөспірімдер құқық бұзушылықтың қай түрін жиі жасайтынын және заңды білмеу қандай қауіп тудыратындығы туралы ақпарат берді.
Оқушыларға ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтау, басқалардың құқығын, бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу туралы айтылды.
Құқық алаңы барысында қатысушыларға жасөспірімдер арасында жиі ұшырасатын жағдаяттар ұсынылды. Олар күнделікті өмірде өз құқығын, міндетін, жауапкершілігін қай жерде қалай қолдану керектігін шешіп, өздерінің білімдерін көрсете отырып, қоғамдағы әдептілік, әділеттілік және мәдениеттілік туралы өз ойларымен бөлісті.
Шара соңында «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана