Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы
Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
07-10-2019 15:00
Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Семей медицина университеті студенттерінің қатысуымен гендерлік саясат бағыты бойынша «Қазақстандағы гендерлік саясаттың дамуы» атты ақпарат сағаты өтті.
Шара басында кітапханашы Қазақстанда гендерлік саясатты жүзеге асыру қазіргі қоғамда маңызды орын алатындықтан,  ерлер мен әйелдер теңдігіне қол жеткізу басты мақсат болып табылатынын атап өтті.
Ақпарат сағаты барысында қатысушылар «гендер», «гендерлік саясат» және «гендерлік қатынастар» сөздерінің мағынасы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, студенттер жұмыс, бизнес, саясат және мемлекеттік басқаруда ерлер мен әйелдердің тең көрінуі, әйелдердің сапалы білім мен денсаулыққа тең қолжетімділігін қалыптастыру үшін жағдайлар жасалғандығы туралы өз ойларын білдірді. 
Шара жалғасында тақырып бойынша слайд ұсынылып,  «Гендерлік саясат және гендерлік тәрбие» атты кітап көрмесіне қойылған материалдарға библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана