Татарша диктант жазамыз
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
07-11-2019 15:06
Татарша диктант жазамыз
Татарша диктант жазамыз
 
Камилия Исмалованың басшылығымен   Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы 19 қазан күні «Татарша диктант жазамыз" атты дүниежүзілік акцияға қатысты. Татар тілінде сауатты жазуға, әдебиетті меңгеруге, филологтар мен оқытушыларды дәріптеу мақсатында өткен акция  екі алаңда - Н.Г.Чернышевский атындағы орта мектепте және достық Үйінің кіші залында өтті. Шараға Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы жанындағы жексенбілік мектептің татар тілі тобының тыңдаушылары белсенділікпен қатысты.   Аталған іс-шараның ұйымдастырушыларың бірі жексенбілік мектеп мұғалімі - Нұруллина Рауфа Рауфовна.  Диктант жазылғаннан кейін барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. 
 
 
 
Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы