Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі» атты философиялық сағат
Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі» атты философиялық сағат
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
28-11-2019 15:05
Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі» атты философиялық сағат
"Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі" 
атты философиялық сағат
 
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Туған жер – туған ел» негізгі бағыты бойынша Шәкәрім атындағы СМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, оқытушы  Кәрімов Мұхтарбек Карпыкұлының және «Авиценна» колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен «Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі» атты философиялық сағат өтті. 
Шара басында кітапханашы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өнер, ғылым және әлемдік сауда орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне әсер еткен, көшпенді және отырықшы өркениеттердің симбиозы болып табылатын түркі өркениетінің жетістіктерін жоғары бағалағанын, осы қалалардың бірі түркі халықтарының ұлы рухани көшбасшысы Қожа Ахмет Яссауи тұрған Түркістан қаласы жайлы қысқаша ақпарат беріп өтті.
Философиялық сағат барысында «Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі» атты слайд-тұсаукесері көрсетілді.
Іс-шара қонағы М.Қ. Кәрімов философ, ғалым Қожа Ахмет Яссауидің философиялық көзқарастары мен сопылық идеяны дамытудағы алатын ерекше орны туралы әңгімеледі.
Қатысушылар түркі әдеби тілі мен философиялық терминология туралы, исламның негізгі ережелері араб тілінде ұсынылса да, Яссауи ислам әлемінде тұңғыш рет түркі тілін уағыздауда қолданғаны туралы ақпарат алып, ақын және философтың «Диуани хикмет» («Даналық кітабы»), «Мират ул-Қулуб» («Көңіл айнасы»), «Пақырнама» («Пақырлық баяны») атты айрықша белгілі шығармаларымен танысты.
Соңында «Ахмет Яссауи – қазақ халқының рухани көсемі» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана