«Дәуірдің дара тұлғасы»
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
28-11-2019 15:15
«Дәуірдің дара тұлғасы»
«Дәуірдің дара тұлғасы» атты виртуалды көрме
 
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай  №35 мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Дәуірдің дара тұлғасы» атты виртуалды көрме өткізілді.
ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындаумен басталған шара барысында кітапханашы осы күнді мерекелеу тарихы жайында, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік алғаннан кейінгі мемлекеттің дамуы мен өркендуіне қосқан үлесі туралы ақпарат берді. Виртуалды көрме қатысушыларды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдардағы атқарған  қызметі, Тұңғыш Президенттің бейбітшілікті ту етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне қосқан үлесі, көпұлтты Қазақстан Республикасының негізгі жетістіктерімен таныстырды.
Көрмемен танысу барысында оқушылар біздің еліміздің қалай дамып, қалыптасқаны, қандай сынақтардан өткендігі, қазақстандықтардың бүгінгі жетістіктері туралы баяндайтын кітаптармен, сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президентінің еңбектерімен және Елбасы туралы шығармалармен танысты.
Соңында оқушылар Тұңғыш Президенттің отансүйгіштік, мақсаткерлік, көрегендік, ашықтық сияқты қасиеттерін атап,  портретін құрастырды.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана