Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесі
"Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесі
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
28-11-2019 15:29
"Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесі
 
 
27 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Облыстық Абай атындағы кітапханада "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. 
Көрменің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен қалың жұртшылықты таныстыру, егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы ұлт Көшбасшысының қызметін көрсететін әдебиетті насихаттау.
Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі және оның қазіргі тарихтағы рөлі туралы 100-ден аса кітап қойылды, олардың ішінде: Н. Назарбаев "Избранные речи", "Наш Президент", "Размышления о лидере", Б. Майлыбаев "Президент Жолдауы тарих толқынында", Ж. Сааданбеков "Нұрсұлтан Назарбаев. Законы лидерства", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: қызмет хроникасы", "Первый: Қазақстан Республикасының Президенті туралы очерк", "Елбасы сыныптастары", В. Михайлов, Т. Мансуров "Нұрсұлтан Назарбаев" және т.б.
Көрмені Н. Назарбаевтың  Шығыс Қазақстанға сапарындағы  фотосуреттері толықтырды.
Көрмеге  облыстық "Біздің №1" жастар форумына қатысушылар, Семей қаласы ішкі істер басқармасының мамандары тамашалады.  
 
 
 
Абай атындағы кітапхана