Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Жаңа Жыл шақырады!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жаңа Жыл шақырады!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
26-12-2019 15:54
«Жаңа Жыл шақырады!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жаңа Жыл шақырады!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
 
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қуаныш» балабақшасы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Умка» клубы аясында «Жаңа Жыл шақырады!» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. 
Іс-шараны аша отырып кітапхана қызметкері Жаңа жыл әр үйде, әр отбасы күтетін ең сүйікті, мейірімді мейрам екенін атап өтіп, Жаңа жыл мерекесінен - әрқашан ғажайыптар, сиқырлы өзгерістер, оқиғалар  күтетінімізді, Жаңа жылда адамдар мейірім мен бақытқа бөленіп, сиқырлы түнде жарқыраған шыршаның жанында барлығы көтеріңкі көңіл-күйде жақсы тілектер тілейтіні айтылды.
Жаңа жылдық қойылымға қатысқан кітапхана қызметкерлері шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін, шеберліктерін және өздерін жақсы әртіс ретінде көрсете білді. Олар Алдар көсе, доңыз (Ескі жыл), тышқан (Жаңа жыл), мыстан кемпір және басқа да ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, бүлдіршіндерге тамаша мерекелік қойылым ұсынды.
Шара барысында балалар «Кітап театрының» «Шалқан» қойылымын тамашалады.
Бұдан кейін оқушылар Аяз Ата және Ақшақармен кездесіп, шыршаны айналып ән шырқады, би билеп, өлеңдер оқып, жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Сонымен қатар балалар «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кітап көрмесіне қойылған түрлі-түсті балалар әдебиетімен танысты.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана