Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте
Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
05-01-2020 13:25
Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте
Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте
 
Жаңа жылға санаулы уақыт қалды! Ал, «Қарлы патшалықта, аязды мемлекетте» конкурсының қатысушылары  осы оқиғаның қорытындыларын күтуде!
Жаңа 2020 жылдың қарсаңында Невзоровтар отбасы атындағы музейде кезекті жаңа жылдық балалар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Осы басты жыл мерекесіне музей өз шаңырағы астына тағы бір мәрте қаланың 14 көркемсурет мектептері мен балалар шығармашылық студияларынан жас дарынды өнерлі балаларды жинап отыр. Барлығы конкурсқа 130 авторлық туынды: шырша ойыншықтары мен карнавалды маскалар тапсырылды.  
Балалар әр алуан  материалдарды пайдалана отырып, әр түрлі техникаларда жұмыс істеді. Көрмеге қағаз, мата, жүн, фоамиран, мақта, пенопластан жасалынған жұмыстар қойылды. Қайта өңделген материалдардан жасалынған жұмыстар да болды. Барлығымызға қазіргі уақытта экология жайлы тақырып өте маңызды екені мәлім, соңдықтан балалар үлкен тапқырлық пен іскерлік танытты. Құттықтаймыз! Көрермендер көзіне қазақ халқының ұлттық ши-тоқу техникасында орындалған ойыншықтар ерекше түсті. Өскелен ұрпақтың өз елінің дәстүрін ұмытпағаны,  оған бейімділігі қуантады.  Ойыншықтардың көптеген саны келе жатқан жаңа жылдың нышаны – тышқанға арналған. Көрме залын мыңдаған тышқанның бейнелері толтырды. Ойыншықтар матадан тігілген, жүннен иленген, тоқылған, әр алуан түсті және реңкті қататын массалардан мүсінделген! Нәтижесінде, экспозицияда нағыз тышқан ауылы пайда болды!
Қандай жаңа жыл сиқырсыз? Көрме ашылуы рәсімінде балалар өздеріне таныс ертегілер кейіпкерлері: Аяз Ата және оның немересі Ақшақар, Жалмауыз кемпір, Су сайтаны Орман перісімен кездесті. Соңымен қатар, күтпеген кейіпкерлерде болды. Мысалы, екі ғарыш әлемінен келген қонақтар. Олар өзімен бірге Аяз Атаны алып кетпек ойылары болған. Жалмауыз кемпірге жаңажылдық  дайындалуға көмектескен Стилист та болды.  Мерекелік қойылымда балалар жұмбақтар шешіп кішкене сыйлықтарға ие болды.  Бұл жолы балалар тәтті кәмпиттердің орнына көркемсурет құрал-жабдықтарын сыйға алды.
Мерекелік оқиғаның кульминациясы – конкурстың қорытындыларын шығару болды. Көрменің жеңімпаздарын анықтау оңайға түспеді –барлық жұмыстар тамаша жасалған. Алайда,  сайыстың аты сайыс! 
Ең үздік жұмыстар - ойыншықтар мен маскалар: Нұрмұхамет Аяжан, Шимолина Ксения, Абишева Ислана, Ахметкулова Гулсара және Белоусова Ирина.             
Келе жатқан Жаңа жылмен жеңімпаздарды, қатысушылар мен ұстаз-жетекшілерді құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз! 2020 жылы кездескенше!