Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Тұғыры биік тау тұлға: түркі абызы Тоныкөк» атты тарихи сағат
«Тұғыры биік тау тұлға: түркі абызы Тоныкөк» атты тарихи сағат
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
21-01-2020 16:43
«Тұғыры биік тау тұлға: түркі абызы Тоныкөк» атты тарихи сағат
«Тұғыры биік тау тұлға: түркі абызы Тоныкөк» атты тарихи сағат
 
 
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №16 мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен түркі абызы Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналған «Тұғыры биік тау тұлға: түркі абызы Тоныкөк» атты тарихи сағат өткізілді. 
Шараны аша отырып, кітапхана қызметкері ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 2020 жыл барлық түркілердің ұлы данышпаны Тоныкөктің жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналатынын атап өтті.  Бұдан кейін қатысушылар Тоныкөк есімі Шығыс Түрік қағанатының қайта жандануымен, Қытаймен күресте қағанаттың тәуелсіздігін қалпына келтіруімен байланысты екенін және мұндай мәліметтерге көне түркі руникалық ескерткіштері дәлел бола алатыны туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, тарихшы Ма Шан-шуаның дерегі бойынша, Тоныкөк Қарлұқ мемлекетінің Сабек руының өкілі болғаны жайлы мәлімет келтірілді.
«Бабалар ізімен» бейнефильмінен үзінді мен «Ежелгі түркі жазулары» атты слайд-тұсаукесерін тамашалау арқылы балалар 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған «Тоныкөк» Орхон жазба ескерткіштерінің ішінде ерекше орын алып, ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы тұрғызылғаны және ескерткіш 313 өлең жолынан тұратыны туралы, қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Ұлан-Батыр қаласынан 60 шақырым жерде орналасқаны жайында білді.
Тарихи сағат соңында «Туған жер – алтын бесік» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге  библиографиялық шолу жасалды.
 
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана