Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » 2020 жылғы әдеби портреттер: әдеби ойын
2020 жылғы әдеби портреттер: әдеби ойын
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
23-01-2020 11:05
2020 жылғы әдеби портреттер: әдеби ойын
2020 жылғы әдеби портреттер: әдеби ойын                     
 
22 қаңтар күні ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында №1 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына қазақстандық, ресейлік және шетелдік жазушылардың ішінде 2020 жылғы мерейтой иелерінің өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби ойын ұйымдастырылды. 
2020 жылы көптеген танымал ақын-жазушылардың мерейтойлары аталып өтілмек. Олардың ішінде А.Құнанбайұлы, І.Есенберлин, М.Мағауин, С.Мұқанов, А.Грибоедов, А.Чехов, Б.Пастернак, А.Азимов, Р.Бредбери, А.Кристи, Г-Х.Андерсен, Ф.Саган және т.б. бар. Алдымен қатысушыларға мерейгер ақын-жазушылардың өмірбаянынан қызықты ақпараттар берілді. Содан кейін қатысушылар түрлі сайыстарда өз білімдерін сыңады. Мәселен, «Шығарманы тап» - ұсынылған үзіндіден шығарманың атауын табу, «Кейіпкерлер сөйлейді» - берілген тапсырмалар бойынша кейіпкерді атау, «Сүйікті кітабым» - қатысушылар сүйіп оқитын кітабы туралы баяндап берді. Ұлы Абайдың 175-жылдығына орай оның шығармашылығы туралы ағылшын тілінде викторина ұйымдастырылды. 
Шара барысында мерейгер жазушылардың шығармаларынан үзінді-көрініс көрсетілді. Фильм үзіндісінен қатысушылар шығарманың атауын тауып, өз зеректіліктерін көрсетті. Әдеби ойында Паньков Д., Махамбетқызы Д.,Нуртушева А., Утенова А., Жетпизбаев А.,Ихсанова С. сынды оқушылар алғырлығымен көзге түсті.
Шара соңында 2020 жылдың мерейгер ақын-жазушылардың кітаптарынан жасақталған кітап көрмесіне шолу жасалды. 
 
 
Абай атындағы кітапхана