Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Қазақ хандығының тарихы» атты тарихи сабақ
«Қазақ хандығының тарихы» атты тарихи сабақ
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
13-02-2020 17:53
«Қазақ хандығының тарихы» атты тарихи сабақ
«Қазақ хандығының тарихы» атты тарихи сабақ 
 
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінде студенттерге Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай «Қазақ хандығының тарихы» атты тарихи сабақ өткізілді. 
Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде кез келген халықтың тарихында баға жетпес маңызды оқиғалардың барын, мұндай ұлы оқиғалардың қатарына ұлттық мемлекеттің пайда болуы жататынын атап өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы Қазақ хандығының құрылуы 1465 жылы басталғанын және Жәнібек пен Керей есімдерімен байланысты екенін, Керей мен Жәнібек хандар қол астындағы ру-тайпаларымен Шу және Талас өзендерінің алқаптарына келіп қоныстанып, қазақ хандығының негізін салғанын, бұл қазақ тарихындағы маңызды оқиғаға айналғанын әңгімелеп берді.
Іс-шараны сабақтың қонағы - тарихшы, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы СМУ оқытушысы Исин Амантай Исаула жалғастырды, ол Қазақ хандығының құрылу тарихындағы зерттеулерімен бөлісті.
Студенттер Қазақ хандығының құрылу шарттары, оның қазақ халқының тарихи тағдырын шешудегі маңызы, мемлекетті дамытудағы тарихи-саяси қайраткерлер мен билеушілердің рөлі туралы білді.
Бұдан кейін студенттер Қазақ хандығының 555 жылдығын тойлау біз үшін, әсіресе өскелең ұрпақ үшін өте қажет, өз мемлекетінің тарихын білу – туған елге, туған өлкеге деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің қайнар көзі деген пікір білдірді.
Шара соңында  «Тарих. Уақыт. Заман» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
 
 
 
Қалалық орталық кітапхана