Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мәдени іс-шара
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген мәдени іс-шара
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
13-03-2020 11:02
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде  өткізілген мәдени іс-шара
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде
 өткізілген мәдени іс-шара
 
 
Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «АНАММЕН СЕЛФИ» атты қалалық акция Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілді.
Акцияның мақсаты: әйел адамға қамқорлық көрсету дәстүрлерін қолдау, шынайы отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен бала, заманауи отбасы мәселелеріне қоғамның назарын аудару, біздің өміріміздегі басты тұлға – Ана екенін ерекше атап өту.
Анасымен бірге фотосуретке түсу - бұл өзіңнің ең жақын адамыңды жай ғана құшақтап, ең қымбат сәттерді түсіріп алудың тағы бір керемет мүмкіндігі.Акцияға қатысушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @cbssemeybiblioteka парақшасына тіркеліп, көрсетілген WhatsApp номеріне деректері көрсетілген фотосуретін жіберуге тиіс болды.
Акция кезінде анасымен бірге фотосурет жасауға 123 адам ат салысты.
Акцияның әр қатысушысы жіберген фотосуреттерде анасымен немесе балаларымен бірге өз бейнесін, стилі мен ерекшелігін таңдады. Әрбір фотосуреттен - жер бетіндегі ең жақын, туған адамыңа деген жылы және шынайы махаббат көрініс тапты.
Акция ережесі бойынша әлеуметтік желі пайдаланушылары фотосуреттерді бағалап, ал жеңімпаз ең көп лүпіл жинауы керек болды.
Лүпіл арқылы дауыс беру нәтижесінде, ең көп лүпіл жинаған: Анықболова Айару Айбекқызы - 1 орын, Даулеткалиева Айша - 2 орын, Айбек және Аделия Бекеновтар - 3 орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жүлделі орын иегерлері мадақтамалармен марапатталды.
Сондай-ақ лүпілі көп 20 қатысушыға алғыс хаттар берілді.
Мадақтама және алғыс хаттар Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің http://www.cbssemey.kz/ сайтына орналастырылды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана