Басы » ТКШ бөлімі » Жаналықтар » Қаланы көркейту
Қаланы көркейту
Автор: ТКШ бөлімі
16-02-2018 14:50
Қаланы көркейту
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ ұзындығы 1,7 км, «Жамакаев көшесінен Шмидта көшесіне дейін Ленин көшесін көркейту» жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жобаның болжанған сомасы 1 139 787  мың теңге.
Жобаны жүзеге асыру шегінде Ленин көшесінде жаяу жүру жолы тастарын жүргізу, кіші сәулет формаларын, қоқыс жәшіктерін, орындықтарын, әсемдік субұрқақтарын және жарықтандыруды орнату жұмыстары орындалатын болады. Сонымен қатар, осы жобамен Орталық саябағын қайта құру жұмыстары да жоспарланған. Саябақта балалар алаңы, шахмат зонасы, спорт алаңдары орнатылатын болады. Осы учаскедегі жұмыстар сонымен қатар, көгалдандырумен, гүлзарлар және ағаштар отырғызумен жалғастырылады.  
 
 
«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ