Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!
Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
20-10-2017 11:10
Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығын, «Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін (ҚДС) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Ұлттық алкогольден бас тарту күні – 28 қазанға орайластырылған «Біз ұрпағымыздың сау болуын қолдаймыз!» ұранымен ішімдікті шамадан тыс тұтынудың алдын алу бойынша онкүндік өткізу жоспарлануда.
Мақсаты ішімдікке байланысты зиянның көлемі мен детерминантары және ішімдікті, оның ішінде сыраны тұтынуды азайтуға бағытталған ықпалды шаралар туралы дұрыс білімді тарату.
Ішімдікті тұтыну 200-ден аса ауру мен денсаулықпен байланысты мәселелерге себеп болады. Сонымен қатар, әсіресе ішімдіктің есебінен болатын өлім-жітім ауыртпалығының үлесі созылмалы аурулар – бауыр циррозы, қатерлі ісік пен жүрек-қантамыр ауруынан болатын өлім-жітім категориясына және жіті себептер – оқыс пен қасақана алған жарақаттың салдарынан болатын өлім-жітім категориясына тиесілі. Оның ішінде көбі жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітімге, одан кейін оқыс жарақат алу мен бауыр циррозынан болатын өлім-жітімге тиесілі. Ішімдіктің есебінен болатын басқа өлім-жітімдердің үлесі инфекциялық ауруларға (туберкулез, АИТВ мен пневмония), психикалық-неврологиялық жағдайларға (қояншық, ішімдікті тұтынудың салдарынан болған бұзылыстар) және неонаталды жағдайларға (фетальді алкогольді синдром) тән болады.
Ішімдік жатырішілік кезеңнен бастап қарттық жасқа дейін өмір бойы адамның жеке денсаулық капиталы мен адамдық капиталды төмендетуге алып келеді. Басым көрсеткіштер бойынша ішімдіктен ең алдымен орта жастағы тұлғалар (әсіресе еркектер) қаза табады. Дегенмен, бұл мәселеге адамның жекеше дамыуының барлық кезеңдері тарапынан қарасақ, жүктілік кезінде ішімдікті тұтыну ұрықтың миының дамуына зиянын тигізеді және есейген шақта белгі беретін когнитивтік бұзылуға әкелуі мүмкін. Әсіресе ішімдіктің әсеріне жасөспірімнің миы сезімтал, сондықтан ішімдікті тұтынуды бастауды кештету қиындықтың пайда болу мүмкіндігі мен ересек шақта ішімдікке тәуелділіктің дамуын азайтады. 
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша Қазақстанда жан басына шаққандағы спирттің жалпы көлемі 2016 жылы 9,8, ал 2015 жылы 8,2-ді құрады.
СӨСҚПҰО жүргізген 2015 жылғы  VI Ұлттық әлеуметтік зерттеу мәліметтері бойынша балалар арасында ішімдікті тұтынудың таралуы 6,5%-ды құрап, қалалықтар арасында 1,3 есе жоғары екені анықталған. Балалар арасында ішімдікті тұтыну қаладағы қыздарға қарағанда 1,7 есе көп (5,2%-ға қарағанда 8,9%), ауылда -  2,6 есе (3,2%-ға қарағанда 8,3%). 10 жасқа дейін ішімдікті тұтыну бастамасында 26,2% қалалық пен 37,6% ауыл балалары тіркелген. 15 жастан кейін ішімдікті тұтынуды бастаған балалар пайызы қалалық жерде 46,3%, ауылдық жерде 43,1%-ды құрады.
2012-2020 жылдарға арналған Ішімдікті шамадан тыс тұтынуды шектеу жөніндегі Еуропалық іс-қимылдар жоспарының мәліметтері бойынша ұлттық деңгейде қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын аса тиімді араласу шараларының бірі ішімдіктің қолжетімділікті реттеу жүйесі болып табылады.
Осыған байланысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі, «Жарнама туралы» ҚР Заңы, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес республикада ішімдікті тұтынуды төмендетуге бағытталған барлық шараларды сақтауды қамтамасыз ету маңызды.
Сонымен қатар, жас тұлғалар мен жасөспірімдердің ішімдікті тұтынуы мен қолжетімділікті төмендету үшін барлық қолданыстағы заңнамалық нормаларды сақтауда барлық қоғамның, оның ішінде отбасы, академиялық орта, құқық қорғау органдары, ҮЕҰ, БАҚ және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттерін күшейту қажет.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары орталығы