Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
27-10-2017 14:27
Дүниежүзілік инсультпен күрес күні
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды профилактикалау және алдын алу бойынша әлеуметтік жұмылдырудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 825 бұйрығын, «Қоғамдық денсаулықты сақтау қызметін (ҚДС) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» 2017-2019 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (бұдан әрі - СӨСҚПҰО) қолдауымен Қазақстан Республикасының өңірлерінде Дүниежүзілік инсультпен күрес күні (29 қазан) өткізіледі. 
Дүниежүзілік инсультпен күрес күнінің шеңберінде өткізілетін шаралар мен барлық науқандардың негізгі мақсаты қанайналымы жүйесі ауруларының алдын алу мәселелерін шешу бойынша күшті біріктіруге жұмыс берушілер, бизнес құрылымдар, жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ және т.б. қатысуымен дұрыс мінез-құлық түрін таңдау мен қолдауға қатысыты халықты жігерлендіруді арттыру, инсульт мәселесі, инсульттің алғашқы белгілері - FAST (баламасы – У.Д.А.Р), дұрыс және уақытында алғашқы көмек көрсетдің маңызы туралы хабарлауды арттыру, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын 80%-дан аса өлім-жітім дерегі еркектер мен әйелдер арасында бірдей, жыл сайын ЖҚА-дан 17,5 миллион адам қаза табады. 2015 жылы жалпы алғанда 15 миллионнан аса адам инсульт пен жүректің ишемиялық ауруынан қаза тапқан, бұл аурулар он бес жылдан бері әлемдегі өлім-жітімнің жетекші себебі болып қалуда. Мидағы қанайналымының бұзылуымен байланысты аурушаңдықтың жалпы деңгейі Қазақстанда 1000 адам жасына шаққанда 3,7-ні құрайды,  аурушаңдық құрылымының  52%-ын жіті инсульт құрайды. Инсульттің салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 1000 адам жасына шаққанда 1,08-ді көрсетіп,  жалпы өлім-жітім құрылымының 26%-ын құрайды. Инсульт – елдегі еңбекке қабілеттілікті ұзақ уақытқа жоғалтудың ең жиі кездесетін себебі, оның салдарынан 100 000 тұрғынға шаққанда (ДДҰ-ның елдегі есебінің 2016 ж. мәліметтеріне сәйкес) 104,6 адам зардап шегеді. 
Инсульттің қаупі жас ұлғайған сайын арта береді, дегенмен инсульт кез келген жастағы ересек адамдар арасында ұшырасуы мүмкін және кездесіп те жатыр. Өтпелі экономикаға тән қалалану, индустрияландыру және жаһандану өмір салтын өзгертуге ықпал етіп, жүрек ауруына, оның ішінде инсультке шалдығуға алып келеді.
Аурудың алдын алу емделгенге қарағанда жақсы және көп жағдайда инфаркт пен инсульт деректерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулер инфаркт пен инсульттің пайда болу мүмкіндігін арттыратын факторлар қатарының бар екенін көрсетеді. Өмір салтымен тікелей байланысты аса маңызды факторлар темекі шегу және темекіні өзгеше тұтыну, дұрыс тамақтанбау, жеткіліксіз дене белсенділігі мен ішімдікті шамадан тыс тұтыну болып табылады. Инсульт, жүректің ишемиялық ауруы және қант дибетінің ІІ типінің дерегін 80%-ға дейін, сонымен қатар обыр дерегінің үштен бір бөлігінен көбін жоғарыда аталған қауіпті факторларды жою арқылы алдын алуға болатынын атап айтқан жөн. 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің орталығы