Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Бүкіләлемдік қант диабетімен күресу Күні
Бүкіләлемдік қант диабетімен күресу Күні
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
13-11-2017 09:24
Бүкіләлемдік қант диабетімен күресу Күні
Денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылдың 14-ші қарашасында Семей қаласында Бүкіләлемдік қант диабетімен күресу Күні өткізіледі.
Мақсаты: Диабетпен және оның асқынуларымен пайда болған көкейтесті мәселеге қоғамның назарын аудару; өз денсаулығы, қант диабетін уақытында анықтау үшін халықтың ортақ жауапкершілігін арттыру.
Қазақстанда қант диабеті жүйелі шешімді және мемлекеттің араласуымен іс-шараларды талап ететін әлеуметтік елеулі аурулардың қатарына енген. 2016 жылы статистика деректері бойынша 100 мың адамға шаққанда 2015 жылғы 172,7 қарағанда 200,4 жағдайда қант диабеті тіркелген. Алайда Халықаралық Диабеттік Федерациясының есептері бойынша ҚР-да емделушілер саны 536400 адамды құрады. 
2011 жылдан бері ҚР-да қант диабетінің скринингі енгізілген. Қант диабетін анықтау үшін скрининг-тексеруге  2016 жылы бүтіндей республика бойынша тексерілуге жататын саннан (1 458 500)  1 474 894 адам қамтылды, ол 101,1 пайызды құрады. Қант диабетімен ауыратын 9486 адам анықталды, ал «Д»-ға есепке алынғаны 9229 адам - 97,3 пайыз.
Қандағы қант құрамының жоғары болуы инфарктің, инсульттің, соқырлықтың, белсіздіктің, бүйрек жеткіліксіздігінің пайда болуына ықпал етеді немесе төменгі аяқтарды кесіп алып тастауға әкеледі. Мысалы, диабетпен ауыратындардың төменгі аяқтарын кесіп алып тастау көрсеткіші 10-20 есеге жоғары.
Ақырғы кезде II түрдегі диабет балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен көлемде тіркеле бастады. Әлемнің кейбір бөліктерінде II түрдегі диабет балалар арасындағы диабеттің негізгі түріне айналды. Балалардың семіздігі мен физикалық тоқырау көрсеткіштерінің ғаламдық өсуі осы жерде шешуші рөл атқарды деп болжауға барлық негіз бар.
Егер оған асқынулардан аулақ болу үшін бақылау және әсер етсе, онда диабетті емдеуге болады. Диагностикалауға қол жетімділікті кеңейту, дұрыс жүріс-тұрысқа үйрету және емдеуге қатысты бағаның қол жетімділігі кері іс-шаралардың маңызды элементтері болып отыр.
Өмір салтын өзгерту бойынша қалыпты салмақты ұстау, жүйелі физикалық жүктеме және салауатты тағам мөлшері сияқты қарапайым іс-шаралар тиімді II түрдегі диабеттің бетін қайтара алатыны немесе мерзімін ұзарта алатыны дәлелденген. 
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің Орталығы