Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Бүкіләлемдік ЖИТС күрес күніне орайластырылған (1 желтоқсан) АИТВ алдын алу бойынша айлық
Бүкіләлемдік ЖИТС күрес күніне орайластырылған (1 желтоқсан) АИТВ алдын алу бойынша айлық
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
22-11-2017 11:53
Бүкіләлемдік ЖИТС күрес күніне орайластырылған (1 желтоқсан) АИТВ алдын алу бойынша айлық
Денсаулық сақтауды дамыту «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылғы қарашаның 10-нан желтоқсанның 10 аралығында Семей қаласында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша айлық өткізіледі.
Мақсаты: ПБЗ-дан бас тарту, жауапты қауіпсіз жүріс-тұрысты қалыптастыру және барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара әрекеттерін күшейту жолымен індет жұқтыру және АИТВ-инфеккциясының алдын алу сұрақтары бойынша барлық халықтың, әсіресе жас адамдардың хабардарлық деңгейін көтеру.
2030 жылы ЖИТС эпидемиясын жою – 2015 жылы БҰҰ мүшелері-елдерімен бірауыздан қабылданған тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) тізіміндегі міндеттің бірі.
ДДҰ деректері бойынша:
. АИТВ ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып отыр: бүгінгі күні ол 35 миллион адамның өмірін қиды. 2016 жылдың аяғында әлемде шамамен 36,7 миллион адам АИТВ-инфекциясымен ауырғаны есепке алынған, ал 1,8 миллион адам АИТВ-инфекциясына 2016 жылы шалдықты;
. АИТВ-инфекциясын емдейтін дәрі-дәрмек жоқ. Алайда ретровирусқа қарсы (РВҚ) препаратпен тиімді емдеудің арқасында вирусты бақылауға және оның берілуін болдырмауға болады, бұл АИТВ бар адамдарға және елеулі тәуекелдікке душар болатындарға салауатты, ұзақ және жемісті өмір сүруге мүмкіндік береді.
. Қазақстандағы ЖИТС күрес және алдын алу Республикалық орталығының деректері бойынша 2017 жылдың 9 айында азаматтар арасында АИТВ-инфекциясының 2087 жағдайлары тіркелген, оның ішінде - еркектерде 1266, ал әйелдерде 821 жағдай.
АИТВ иммундық жүйені зақымдайды және қорғаныс жүйелерін әлсіретеді, сондықтан індет жұқтырған адамдарда ақырындап иммун тапшылығы дамиды, ол салауатты иммундық жүйесі бар адамдар қарсы тұра алатын кең қатарлы жұқпаларға, онкологиялық және басқа ауруларға сезімталдықтың жоғарылауына әкеп соғады. АИТВ-инфекциясының ең кейінгі кезеңі ЖИТС болып есептеледі, ол әртүрлі адамдарда 2-15 жылдардан кейін дамуы мүмкін.
Жүріс-тұрыстың және адамдардың АИТВ жұқтыру тәуекелдігін жоғарылататын үлгілері өздеріне мыналарды кіргізеді:
. жыныстық жолмен берілетін мерез, ұшық, хламидиоз, соз ауруы және бактериялы вагиноз сияқты басқа инфекциялардың болуы;
. зарарлы инені, шприцті және басқа инъекциялық құрал-саймандарды және инъекциялық есірткіштерді тұтыну кезіндегі есірткілік ерітінділерді бірлесіп пайдалану;
. қауіпсіз емес инъекциялар, қан құю, тіндерді ауыстырып орналастыру, тілуді және түйреуді қажет еткен медициналық стерилденбеген емдеу шаралары;
. инемен шаншудан, оның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері арасында алынған кездейсоқ жарақаттар.
Республикада қазіргі кезде синтетикалық есірткіштердің таралуы ерекше абыржытады, ол инъекциялық есірткіштерді тұтынатындар арасында АИТВ-инфекциясының өсуіне әкеледі.
Қазақстандағы ЖИТС күрес және алдын алу Республикалық орталығының деректері бойынша инъекциялық есірткілерді тұтыну бұрынғыдай АИТВ-инфекциясының берілуінің негізгі факторы болып отыр, оның үлесі барлық АИТВ-инфекциясымен тіркегендердің 56,3 пайызын құрайды.
АИТВ жұқтырудың алдын алу үшін вакцинаның жоқтығынан, АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алуының басты әдісі АИТВ берілуінің алдын алатын жүріс-тұрыстың өзіндік үлгісін өзгертуге әкелетін медициналық-санитарлық ағарту және кеңес беру болып табылады.
 
Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру мәселелерінің Орталығы