Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Баспасөз конференциясы «Жұқпалы аурулар»
Баспасөз конференциясы «Жұқпалы аурулар»
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
23-11-2017 14:55
Баспасөз конференциясы «Жұқпалы аурулар»
2017 жылдың 21-ші қарашасында ШҚО денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша бөлімі СӨС Орталығымен бірлесіп жұқпалы аурулардың алғашқы және екінші алдын алу қырлары, (ЖРВИ/тұмау энтеровирустық және менингококтық жұқпалары) жұқпалы аурулары, қарсы әрекет стратегиялары бойынша Семей қаласы тұрғындарының хабардарлық деңгейін жоғарылату мақсатында баспасөз конференциясын ұйымдастырды және өткізді.
Спикерлер ретінде қаланың жетекші мамандары: «СӨСҚМО» ММ-нің директоры З.Б.Мусинова, ШҚО ДБ Семей қаласы бойынша бас терапевті Т.Н.Свитич, «Семей қалалық ҚДСБ» РММ эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Д.Б.Тлекина, ШҚО ДБ Семей қаласы бойынша бас педиатры М.Б.Дайрабаева, Семей қаласының инфекционистері Б.Ж.Жүнісов және С.Р.Қаржаубаева, Семей қаласының ММУ балалардың жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. И.М.Эфендиев сөз сөйледі.
Баспасөз конференциясына қатысушылар жұқпалы аурулар – тұмаумен, энтеровирустық және менингококтық жұқпалармен байланысты көкейтесті мәселелерді талқылады. Жекелей алғанда, Семей қаласы бойынша 10 айдағы эпидемиологиялық жағдай; клиника, ЖРВИ/тұмау энтеровирустық және менингококтық жұқпаларын анықтау, олардың балалардағы өту ерекшеліктері, сондай-ақ тұмауға қарсы вакциналауды жүргізу және вакциналаудың тиімділігіне қатысты ғылыми негіздер бойынша сұрақтар көтерілді.
Жалпы қалада жұқпалы аурулар бойынша қолайлы жағдай қалыптасқан. Тұмауға қарсы вакциналау табысты өтуде. Алдын алу мақсатында, мамандар салауатты өмір салтының (еңбек пен демалыстың тәртібін сақтау, ұтымды тамақтану және физикалық белсенді болу) негізгі қырларын ұстанып, иммунитетті жоғарылатуды ұсынады. Жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері біліне бастаған жағдайда, өзін-өзі емдеумен айналыспай, медициналық мекемеге жүгінген жөн.
 
Семей қаласының салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселелерінің орталығы