Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Сальмонеллезден қалай сақтануға болады
Сальмонеллезден қалай сақтануға болады
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
17-07-2018 17:14
Сальмонеллезден қалай сақтануға болады
Сальмонеллез – көбінесе ішек-қарын жолдарын зақымдаумен өтетін жұқпалы ішек ауруы. Сальмонеллездің ең белгілі клиникалық көрінуі болып табылады: баc ауруы, жалпы әлсіздік, дерттілік, температураның жоғарлауы, қалтырау, ішек-қарынның бұзылуы (жүрек айну, лоқсу, іштің ауруы, тәбеттің болмауы, дәм бұрмалануы, іштең кебуі, сасық иісі бар ағыл тегіл сұйық нәжіс). 
Ауру кенет улану симптомдардан басталады, кейін ішек-қарын бұзылу симптомдары қосылады. Ауру жеңіл, жасырын түрде, сонымен қатар сепсистің дамуымен ауыр түрде өтеді, кейбір кездерде ажалды нәтижесі болу мүмкін. Ауыр жағдайларында жүрек-қан тамырлар жүйесі, орталық жүйке жүйесі, бүйрек жағынан асқынулар байқалады. 
Сальмонеллездің қоздырғышы- сальмонеллалар. Қоршаған ортадағы жоғары тұрақтылықпен және сыртқы ортаның әртүрлі жағымсыз ықпалдарына қарсы тұру қабілетпен сипатталады. Осылай, мысалы, олар ашық су қоймаларында 120 күнге дейін сақталады, етте және шұжық өнімдерінде 60-130 күн, тоңазытылған етте  2айға дейін, сары майда 52-128 күн, ірімшіктерде 1 жылға дейін, сүтте 20 күнге дейін, сырада 2 айға дейін, жұмыртқа қабығында 17-24 күн, ал жұмыртқада 13 айға дейін, мал жемінде 10 айға дейін, топырақта 140 күнге дейін. Сүт және ет өнімдерінде, әртүрлі кремдарда және торттарда, салаттарда сальмонеллалар жақсы көбейеді, бірақ өнімдердің дәмдік сапаларын және сыртқы түрін өзгертпейді. 
Жоғары температуралардың әсеріне төзімді:  +700С-де сальмонеллалар 5-10 минут ішінде өледі, ал кесектің қалыңдығында (10 см) ұзақ уақыт- 2,5 сағат ішінде қайнатуды шыдайды. Сүтті пастерлеу барлық патогенді бактерияларды немесе вирустарды, оның ішінде сальмонеллаларды, жояды.
Сальмонеллез кезіндегі жасырын кезең бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін құрады. Індеттің көзі болып сырқаттанған адамдар және бактерия тасымалдаушы сау адамдар, сонымен қатар ауру жануарлар (тауықтар, үйректер, күрке тауықтар, ұсақ және ірі қара мал және т. б.) табылады.  
Сальмонеллезді жұқтыру көбінесе ауру жұқтырған азық-түліктерді пайдаланғанда болады, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, кремдерді, тәтті нандарды, торттарды және басқа кондитерлік өнімдерді әзірлеуге арналған жартылай дайын өнімдер, құстың еті (әсіресе көжелік өнімдер: бауыр, қарын, жүрек, мойын), жылумен өңделмеген сүт және сүт өнімдері қауіп-қатер төндіреді. Ұйымдастырылмаған көшедегі сауда орындарында сатып алынған азық-түлік өнімдері ерекше қауіп төндіреді. 
Қазіргі уақытта Семей қаласында сальмонеллезбен аурушаңдық қанағаттанарлық деңгейде, бірақ сонымен қатар аурушаңдықтың көрсеткіштері облыс бойынша жоғарылардың біреу болып қалуда. 
Осы ауруға шалдықпау үшін және жақындарды сақтандыру үшін алдын алудың келесі шараларын сақтау қажет:
 азық-түлік өнімдерін ұйымдастырылмаған көшедегі сауда орындарында сатып алмаңыздар.
 тамақ пісіргенде азық-түлік өнімдерін ыстықпен жеткілікті өңдеңіздер (жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес пісіру), жұмыртқа жеу алдында, сонымен қатар кондитерлік, крем өнімдерін әзірлегенде оларды сабындап жуу қажет.
 дайын және шикі азық-түлік өнімдерін бөлек сақтаңыздар.
 етті бөлшектеу үшін жеке ет турайтын тақтайларды және пышақтарды пайдалану қажет, пайдаланғаннан кейін оларды мұқият жуу және кептіру керек.
 жеке гигиена ережелерін сақтаңыздар, дәретханаға барғаннан кейін, көшеге шыққаннан кейін, тамақ пісіру алдында және одан кейін қолдарыңызды жуыңыз.
 аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда емдеу мекемелеріне медициналық көмек алу үшін жүгіну қажет. Сальмонеллезден өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. 
Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда екенін есте сақтаңыз!
 
Семей қ. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»