Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу
Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
08-10-2018 15:12
Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу
Тұмау дегеніміз не? Егер Сіз  тұмауды жай ғана ауру деп ойласаңыз, өте қатты қателесесіз!
Тұмаудың  3  түрі болатынын білген абзал: А, В, С.  Тұмаудың «А» түрі аса қауіпті болып табылады. 
Тұмау вирусы ауа – тамшылы жолмен таралады.
Жұқпа көзі –  аурудың алғашқы үшінші - бесінші күнінде неғұрлым жұқпалы болып келетін науқас адам.
Сондай-ақ, назар аудартатыны, бұл вирус жоғары контагиозділікке ие, тиісінше, халықтың
үлкен бөлігі осы ауруға бейім келеді. 
Аталған вирус өзін 2-3 тәулік ішінде танытады, аурудың алғашқы белгілері білінетін ең
көп уақыт – 5 тәулікті құрайды. 
ЖРВЖ дегеніміз не?
ЖРВЖ – сирек жағдайларда ғана асқынулар тудыратын жіті респираторлық вирустық жұқпалар. ЖРВЖ көптеген ыңғайсыздықтар тудырғанымен, оларды белгілері бойынша тұмаумен салыстыруға келмейді.
Тұмау мен ЖРВЖ белгілерін қалай ажыратуға болады?
Тұмаудың белгілері:
•дене қызбасы күрт артады (кейбір жағдайларда  40 градусқа дейін), жарыққа жоғары сезімталдылық, барлық дене бөліктерінің ауырсынуы және бас пен бұлшықет ауырулары пайда болады;
•аурудың алғашқы тәуліктерінде мұрын бітелуі болмайды, бұл – тек осы вирус түріне тән белгі;
•тұмаудың ең белсенді фазасы аурудың үшінші-бесінші күндеріне, ал түбегейлі сауығу сегізінші – оныншы күндерге тән келеді;
•тұмау жұқпасы  қан тамырларды зақымдағандықтан, қызыл иектен және мұрыннан қан ағуы мүмкін;
•тұмаумен ауырғаннан кейін, сіз кейінгі үш апта ішінде  басқа да ауруларға бейім келесіз, ал олар көбінесе өте ауыр ағымда өтеді  және өліммен аяқталуы мүмкін;
•ағзаның күшті улануы жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырулары мүмкін, тұмаудан әлемдегі өлім-жітім деңгейі 0,2% - ды құрайды. 
ЖРВЖ белгілері:
•ауру бірте-бірте басталады, оған жоғары  шаршағыштық және сыртқы вирус көріністері тән, мысалы, мұрыннан су;
•аурудың «жандандыру» сатысынан кейін  құрғақ жөтел басталады, ол өз кезегінде  бірте-бірте сулы жөтел түріне ауысады;
•ЖРВЖ-мен ауырғаннан кейін сіз кейінгі үш апта ішінде басқа да  ауру түрлеріне бейім келесіз,  бірақ тұмаудан айырмашылығы -  олар неғұрлым жеңіл түрде өтеді.
•әсіресе  вирустық аурулар кішкентай балалар мен қарт адамдарда, яғни «қауіптілік тобында» ауыр ағымда өтеді.
Тұмаудың алдын алуда арнайы және арнайы емес түрлері бар. 
Тұмаудың арнайы түрде алдын алуының негізгі шарасы – екпе алу. 
Тұмауға қарсы екпелер - қауіпсіз және тұмау мен оның асқынуларының алдын алу тұрғысынан жоғары тиімділікке ие. Екпе тұмаумен сырқаттанушылық жиілігін  орта есеппен 2 есеге төмендетеді,  екпе алғандардың ауыруға ұшыраған жағдайында олар жеңіл түрде өтіп, асқынулардың дамуын болдыртпайды. Екпелер өзінің жоғары нәтижелілігін және жақсы төзімділіктерін растады. Бұл әсіресе тыныс алу мүшелерінің,  жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары бар балалар мен ересектер  үшін маңызды болып табылады.  Адамда иммунитет қалыптасу үшін - тұмауға қарсы екпені күзде, тұмау маусымы басталар алдында алған жөн.
Қаламыз бойынша тұмауға қарсы екпе алу 1 қазаннан басталады. 
ҚР - да 2018/2019 ж.ж. эпидемиялық маусымында тұмауға қарсы екпенің 3 түрі қолданысқа ұсынылды: Ваксигрип (Франция), Инфлювак (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей).  
Тұмауға қарсы екпені алуға ниеттенген қала тұрғындары  - ақылы түрде екпе жүргізетін жеке медициналық орталықтарға жүгіне алады :  
• «Гармония» емханасы, Достоевский көшесі, 97 үй, телефон 8 (7222) 52-04-97; 
• «Хаким» емханасы, Кабельный тұйық көшесі, 1 үй,телефон 8 (7222) 30-96-98; 
•ШЖҚ« Семей қаласының №2 емханасы» КМК Байтұрсынов  көшесі, 27 үй, телефон 8 (7222) 77-01-34; 
Жүре пайда болған иммунитет уақытша болғандықтан, өткен жылы жасалған екпе тұмаудан қорғамайды.
Тұмау ауруынан өзіңізді сақтау үшін және айналадағыларға жұқтырмау мақсатында,  келесідей қарапайым ережелерді ұстанған жөн :
•оқу және демалу режимін сақтау,  таза ауада жеткілікті уақыт жүру, жеткілікті уақыт ұйықтау және дұрыс тамақтану;
•таңғы жаттығумен, дене шынықтырумен айналысу;
•туыстарыңыздың ішінен біреу сырқаттанған жағдайда, мүмкіндігінше жеке бөлмеге оқшаулау;
•тамақ ішер алдында, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ, егер отбасыңызда сырқаттанған адам болған жағдайда ортақ заттармен пайдаланғаннан  кейін мұқият қолды жуу қажет (микробтардың басты бөлігі ортақ пайдалану заттары, көліктегі сүйеніштер, ақша банкноттары арқылы беріледі);
•бөлмелерді жиі желдетіп тұру  және ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу қажет;
•адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды шектеу (театр, кино, супермаркеттер), мұндай жерлерде вирустар өте жылдам таралады;
•эпидемиялық маусым  кезінде күніне 2 реттен кем емес  түрде мұрынды жуып, тамақты шаюға кеңес беріледі.
 
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру проблемалары орталығы»