Шылымдық қоспалардың қаупі
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
21-11-2018 14:47
Шылымдық қоспалардың қаупі
Шылымдық қоспалар – психологиялық белсенділік әсерін тудыратын хош иістендірілген шөптердің қосындысының жалпы атауы. Мұндағы белсенді заттек синтетикалық каннабиноидтар болып табылады.
Синтетикалық каннабиноидтар негізінде жасалған және құрамында қолданылған шылымдық қоспаларды тұтынуға байланысты ұзаққа созылған психоз және психикалық жағдайдың болуы ғылыми расталған дәлелдер бар. Сонымен қатар, тұтынушылардың коматозды күйге түсуінің нәтижесінде, сондай-ақ тыныс алу мен жүрек белсенділігінің тоқтауының салдарынан өлімге ұшырататын бірнеше жаппай улану оқиғалары орын алғаны белгілі.
 Үнемі түтінмен демалғаннан дауыс қарлығып, жөтел пайда болады, ауыз қуысының, көмей мен бронхтың обырын тудыруы мүмкін.
 Темекі түтінінің әсері көздің жасын ағызады, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін.
 Шылымдық қоспалардың улы әсері жүректі айнытуы, құстыруы, артериялық қысымды жоғарылатуы, жүрек қағысын жиілетуі, құрысу мен ес жоғалту және тағы басқа жағдайлар тұғызуы мүмкін.
 Түтін орталық нерв жүйесіне әсер етеді, оның салдарынан масайрау, себепсіз жылау,тоқтаусыз күлу, күйзеліске түскеннен елес қуу, бағытты бағдарлау мүмкіндігі жоғалады. 
 Шылымдық қоспаларды тұтыну психологиялық аурушаңдыққа, мүгедектікке алып келеді.
Шылымдық қоспалар тез еліктіреді. Алғаш рет тұтынғаннан кейін психикалық, одан кейін физикалық тәуелділік пайда болады.
Күмәнді  рахат алу үшін өзіңізді улауға, денсаулығыңызды құртуға, өміріңізге қауіп тудыруға, оқуды, мансапты тастауға, достық пен отбасын бұзуға бола ма, ойланыңыз.
 
Семей қаласының Салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары орталығы