Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » «Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу»
«Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу»
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
23-10-2019 10:00
«Тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алдын алу»
Жіті респираторлық вирустық инфекциялар балаларда жиі кездесетін аурулар және олар туралы ата-аналардың білуі өте маңызды. Бұл ауруларда тыныс алу мүшелері зақымданады, сондықтан олар «респираторлық» деп аталады. Жіті респираторлық вирустық инфекциялардың пайда болуына үш жүзден астам вирустың түрі себепкер болуы мүмкін. Аурудың ең жиі таралатын түрлері тұмау, парагрипп, аденовирус, риновирус, респираторлық-синцитиалды вирустар арқылы шақырылады.
Тұмау дегеніміз не?
Тұмау-бұл көбінесе тыныс алу жүйесін зақымдайтын жіті вирустық ауру. Тұмау жіті респираторлық аурулар санатына кіреді.  Тұмау вирусының ерекшелігі төтенше өзгергіштіктен тұрады, яғни өзінің гендік құрылымын өзгертеді, сонымен қатар тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуі мүмкін, сондықтан жыл сайын эпид кезеңінде біздің иммундық жүйеміз вирустың жаңа штаммымен кездескендіктен, онымен күресу қиынға соғады.
Инфекцияның берілу жолдары: ауа-тамшы және тұрмыстық (тұрмыстық заттар арқылы жұғу, дәретхана керек-жарақтары, балалар ойыншықтары, іш киім, ыдыс-аяқ және т.б. арқылы жұғу). Ауадағы вирус өзіңің жұғу қабілетін 2-ден 9 сағатқа дейін сақтайды. Инфекцияға сезімталдық жоғары болып келеді және жұқтыру деңгейі әр адамның иммунитетінің жағдайына байланысты. Ауруды қайта жұқтырып алу да болуы мүмкін, әсіресе әлсіз балаларда жиі байқалады. Аурудың ұзақтығы аурудың ауырлығына, вирустың түріне, асқынулардың болуына немесе болмауына байланысты.
Сондай-ақ, бұл вирустың контагиоздылықтың жоғары деңгейін көрсететіндігіне, тиісінше, халықтың көп бөлігі ауруға ұшырайтынына назар аудару керек.
Бұл вирустың 2 - 3 тәулік ішінде белгілері көріне бастайды, одан кейін ауру белгілері байқалатын ең көп уақыт - 5 тәулік.
Тұмау мен ЖРВЖ белгілерін қалай ажыратуға болады? 
Тұмаудың белгілері:
•дене қызбасы күрт артады (кейбір жағдайларда  40 градусқа дейін), жарыққа жоғары сезімталдылық, барлық дене бөліктерінің ауырсынуы және бас пен бұлшықет ауырулары пайда болады;
•аурудың алғашқы тәуліктерінде мұрын бітелуі болмайды, бұл – тек осы вирус түріне тән белгі;
•тұмаудың ең белсенді фазасы аурудың үшінші-бесінші күндеріне, ал түбегейлі сауығу сегізінші – оныншы күндерге тән келеді;
•тұмау жұқпасы  қан тамырларды зақымдағандықтан, қызыл иектен және мұрыннан қан ағуы мүмкін;
•тұмаумен ауырғаннан кейін, сіз кейінгі үш апта ішінде  басқа да ауруларға бейім келесіз, ал олар көбінесе өте ауыр ағымда өтеді  және өліммен аяқталуы мүмкін;
•ағзаның күшті улануы жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырулары мүмкін, тұмаудан әлемдегі өлім-жітім деңгейі 0,2% - ды құрайды. 
 ЖРВЖ белгілері:
•ауру бірте-бірте басталады, оған жоғары  шаршағыштық және сыртқы вирус көріністері тән, мысалы, мұрыннан су;
•аурудың «жандандыру» сатысынан кейін  құрғақ жөтел басталады, ол өз кезегінде  бірте-бірте сулы жөтел түріне ауысады;
•ЖРВЖ-мен ауырғаннан кейін сіз кейінгі үш апта ішінде басқа да  ауру түрлеріне бейім келесіз,  бірақ тұмаудан айырмашылығы -  олар неғұрлым жеңіл түрде өтеді.
•әсіресе  вирустық аурулар кішкентай балалар мен қарт адамдарда, яғни «қауіптілік тобында» ауыр ағымда өтеді.
Тұмауға қарсы күрестің ең тиімді шарасы вакцинация болып табылады.
Ағзаға вакцина енгізу ауру тудыруы мүмкін емес, бірақ қорғаныш антиденелерді жасау арқылы инфекциямен күресу үшін иммундық жүйені ынталандырады. Тұмауға қарсы вакциналар қауіпсіз және тұмаудың алдын алу және асқынулардың дамуы тұрғысынан жоғары тиімділікке ие. Вакцинация тұмаумен сырқаттанушылықтың жиілігін орташа есеппен 2 есе төмендетеді, егілгендер ауырған жағдайда ол оңай өтеді және асқынулардың дамуына алып келмейді.
Жаңа буын вакциналарын ересектерде де, балаларда да қолдануға рұқсат етіледі. Вакциналар өзінің жоғары нәтижелілігін және өте жақсы төзімділігін растады. Бұл әсіресе тыныс алу органдарының созылмалы аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесі, орталық жүйке жүйесінің патологиясы бар балалар үшін маңызды.
Тұмауға қарсы егуді күзде тұмау маусымы басталар алдында жүргізу керек. Орташа есеппен тұмаудан сенімді қорғауды қамтамасыз ету үшін 2-3 апта, ал әлсіреген адамдарға - 1 – 1,5 ай қажет.
Қала бойынша тұмауға қарсы егу 2019 жылдың 1 қазанынан 30 қарашасына дейін жүзеге асырылады. ҚР-да 2019/2020 ж.ж. эпидемиялық маусымына тұмауға қарсы вакцинаның 2 түрін қолдануға ұсынылды: Инфлювак (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей).
Тұмауға қарсы егуді қалайтын қала тұрғындары тұмауға қарсы егуді ақылы негізде жүргізетін жеке медициналық орталықтарға жүгіне алады:
•«Гармония» емханасы, Достоевский көшесі, 97 үй, телефон 8 (7222) 52-04-97; 
•«Хаким» емханасы, Кабельный тұйық көшесі, 1 үй,телефон 8 (7222) 30-96-98; 
•« Семей қаласының №2 емханасы» ШЖҚ КМК Байтұрсынов  көшесі, 27 үй, телефон 8 (7222) 77-01-34; 
•«Аралас үлгідегі №6 емхана» ММ, Шәкәрім даңғылы, 146 үй,  телефон  8 (7222) 50-63-33.
 Тұмау ауруынан өзіңізді сақтау үшін және айналадағыларға жұқтырмау мақсатында,  келесідей қарапайым ережелерді ұстанған жөн :
•оқу және демалу режимін сақтау,  таза ауада жеткілікті уақыт жүру, жеткілікті уақыт ұйықтау және дұрыс тамақтану;
•таңғы жаттығумен, дене шынықтырумен айналысу;
•туыстарыңыздың ішінен біреу сырқаттанған жағдайда, мүмкіндігінше жеке бөлмеге оқшаулау;
•тамақ ішер алдында, көшеден оралғаннан кейін, сондай-ақ, егер отбасыңызда сырқаттанған адам болған жағдайда ортақ заттармен пайдаланғаннан  кейін мұқият қолды жуу қажет (микробтардың басты бөлігі ортақ пайдалану заттары, көліктегі сүйеніштер, ақша банкноттары арқылы беріледі);
•бөлмелерді жиі желдетіп тұру  және ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу қажет;
•адамдар көп шоғырланатын жерлерге баруды шектеу (театр, кино, супермаркеттер), мұндай жерлерде вирустар өте жылдам таралады;
•эпидемиялық маусым  кезінде күніне 2 реттен кем емес  түрде мұрынды жуып, тамақты шаюға кеңес беріледі.
 
 
 
 
«Шығыс-Қазақстан облысының
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»
Медициналық мекемесі