Басы » Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі » Жаңалықтар » ШҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ
ШҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ
Автор: Денсаулық сақтау басқармасының бөлімі
20-03-2020 10:40
ШҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ
ШҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар тіркелген жоқ
 
 
Шығыс Қазақстанда 20 ақпаннан бастап А-санатты шет мемлекеттерден келген 79 азаматтың 65-і карантиннен шығарылды. Ал қалғаны бақылауда жатыр. Б-санатты елдерден келген 8 адам үйдегі карантинде отыр.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.
 – Облыста аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қолдауымен коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Мұндағы басты мақсат – өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау, - деді басқарма басшысы.
Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінде сақтық шаралары үшін арнайы инфекциялық төсектер қойылған стационарлар жұмыс істеуде. Онда 500 инфекциялық төсек бар. Бұдан бөлек дәл осындай қосымша 413-і төсек дайын тұр. Оны тек қажетті жағдайда ғана қолданады екен. Ал провизорлық төсек саны 600-ді құрайды. Сондай-ақ карантиндік 2505 төсек бар.  
Брифинг барысында басқарма басшысы Шығыс Қазақстанда коронавирустық инфекцияға күдікті 42 адамнан анализ алынғанын атап өтті. 
 – Күдікті болған адамдардың анализдері оң көрсеткіш көрсетіп, бұл азаматтардың бойынан коронавирустық инфекция белгілері анықталған жоқ, - деді Ілияс Мұхамеджан.