Басы » Управление статистики » Жаналықтар » Әрбір жанұяның әл-ауқатының статистикасы: тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу
Әрбір жанұяның әл-ауқатының статистикасы: тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу
Автор: Управление статистики
28-11-2018 09:12
Әрбір жанұяның әл-ауқатының статистикасы: тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу
Тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу статистика органдарымен жылдан жылға жүргізіліп келеді. Қаланың 180 жанұясы әрдайым өздерінің табыстары мен азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын сатып алуға, қызметтерді төлеуге жұмсаған шығыстарын белгілейді. Статистика органдарының қызметкерлері жүйелі түрде үй шаруашылықтарын аралап, алынған мәліметтерді арнайы әзірленген сауалнамаға жазып алады.
Зерттеуге әркім азаматтардың жеке бас мүддесі мен мүліктік құқығына қысым жасалмайды. Статистика органдарымен алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және жиынтық түрде ғана пайдаланылады. 
Жыл сайын үй шаруашылықтарының үштен бір бөлігі зерттеуден шығып отырады, олардың орнына жаңа жанұялар таңдалып алынады. Зерттеуге қатысу тізімі көше атаулары, үй және пәтер нөмірлері бар тұрғын үй тізімінен кездейсоқ әдіспен қалыптастырылады. 
Желтоқсан айында Семей қаласы Статистика басқармасының қызметкерлері үй шаруашылықтарын зерттеуден шығып қалғандардың орнына таңдалып алынған облыстың 60 жанұясын аралап шығады. 
 
Құрметті cемейліктер! Зерттеуге белсене қатысуларыңызды сұраймыз, өйткені Сіздер ұсынған ақпарат бәріміздің жақсы болашағымызды жоспарлауға қажет!  
 
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасы