Басы » Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль » Жаналықтар » Қоғамдық көлікте кондукторлар жолда жүру құқығын беретін құжат (билет) беруге міндетті ме?
Қоғамдық көлікте кондукторлар жолда жүру құқығын беретін құжат (билет) беруге міндетті ме?
Автор: Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль
16-07-2018 10:04
Қоғамдық көлікте кондукторлар жолда жүру құқығын беретін  құжат (билет) беруге міндетті ме?
Автомобиль көлігімен жолаушы және багаж тасымалдауды реттейтін негізгі нормалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 «Автомобиль көлігі туралы» заңында(ары қарай-Заң), Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министірінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен(ары қарай-Қағидалар) қаралған.
Заңның 20, 22 баптарына сай, жолаушының Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі  туралы заңнамасында көзделген тәртіппен кез келген автобуспен жол жүруге, жол жүру құжатын (билетін) сатып алуға құқығы бар. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын  жүзеге асыратын тасымалдаушы жолаушының қауіпсіздігін, оған қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пунктерінде жол жүру құжаттарын (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін электронды түрде сатуды қамтамасыз етуге міндетті.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңының 18-бабына сәйкес тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.
Маршруттық көлікте жолаушы мен тасымалдаушы арасында тасымалдауға жасалған келісімшартты растайтын құжат – жолаушыға берілген билет.  Билетсіз жүргені үшін және жалған билетпен жүргені үшін жауапкершілік жолаушыға жүктеледі, бұндай жағдайларда ол айыппұл төлейді. Жолаушылардың кейбір санаттары жеңілдіктерді қолданады, бұндай жағдай да оларда жеңілдіктерін расстайтын құжаттары болғаны дұрыс.
Техникалық  сыну, апатты жағдайларға және т. б. байланысты маршруттық жүйеден автобус шығатын болған жағдайда, жолаушыларға берілген билет осы маршрутқа қызмет көрсететін басқа автобус үшін  де жарамды. Осы маршрутқа қызмет көрсететін басқа автобусқа  жолаушыларды отырғызу сынған автобустың жүргізушісі немесе кондукторы тарапынан жүргізіледі. 
Сондай-ақ, жолаушылар мен тасымалдаушыларға ескерте кететін жай, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 622, 623 баптарына сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару-екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады(2018 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш – 2 405 теңге), жолаушыларды қалалық және қала маңына қатынайтын автобуста билетсіз алып жүру бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
 
Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі