Басы » УЧС » Жаналықтар » Шығыс кентінде өткен арнайы тақтикалық оқу-жаттығу туралы
Шығыс кентінде өткен арнайы тақтикалық оқу-жаттығу туралы
Автор: УЧС
09-11-2017 16:21
Шығыс кентінде өткен арнайы тақтикалық оқу-жаттығу туралы
2017 жылдың 9 қарашасында «Қыс-2017» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында «Қысқы кезең жағдайында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ туындаған кездегі азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің құтқару және басқа авариялық құтқару жұмыстарды әзірлеу және жүргізу» атты тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға қатысқан энергетика қызметі, байланыс қызметі, көлік қызметі, медициналық қызметі, радиациялық қорғау қызметі, жануарларды қорғау қызметі тағы басқа қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің және шұғыл әрекет ету жасағының күш құралдарының сапқа тұрғызылуы Абай көшесімен Шәйжүнісов көшелерінің қиылысында орналасқан ашық аланда өткізілді.
Барлығы 68 жеке құрам, 25 дана техника қатысты.
Сапқа тұрғызылу барысында арнайы тактикалық оқу-жаттығудың шарты бойынша барлық АҚ қызметтеріне кіріспе жұмыстары беріліп, содан соң «машинаға» деген бұйрығынан кейін барлығы өз машиналарына отырып жаттығу орнына бет алды.
  Оқу-жаттығу орны Шығыс кенті Абдуали, Жібек жолы және Ақ-жол көшелері болды.
Жаттығу шартының ахуалы, Семей қаласында  ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Шығыс кенті ауданындағы Ертіс  өзенінде мұздың кептелуі орын алып, нәтижесінде Ертіс өзені Семипалатинка тармағында су деңгейі көтеріліп, судың келуіне байланысты Купеческий көпірі ауданындағы арық жүйесі тола бастады, бөгеттің және жақын орналасқан тұрғын үйлердің шайылуы, сондай-ақ кәріз желісі мен трансформаторлық кіші стансасын су басу қауіпі бар.   
Қалалық азаматтық қорғау қызметтері жаттығу орнына келіп, көшіру, медициналық және психологиялық көмек, су басқан көшелерден және кәріз желілерінен  су сору, электр және телефон желілерін қалпына келтіру, ауыл шаруашылық жануарларды қарау бойынша жұмыстар жүргізеді. 
Сондай-ақ оқу-жаттығу жүру барысында бір уақытта Семей қаласы №2 жасағының жеке құрамымен Абдуали, Жибек жолы және Ак-жол көшелері бойында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздік шаралары, су басу кезіндегі халықтын іс-қимылы және мұз үстіндегі ережелер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп арнайы түбіртек таратылды.    
Оқу жаттығу барысында дамбыны 20 метрге ұзартып нығайту жұмыстары жүргізілді.
Семей қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің алдына қойылған мақсаттарымен тапсырмалары толық көлемде орындалды.
 
Семей қаласының ТЖБ