Басы » УЧС » Жаналықтар » Балаларға қыс кезеңінде кездесетін қауіптерді түсіндіру
Балаларға қыс кезеңінде кездесетін қауіптерді түсіндіру
Автор: УЧС
14-11-2017 10:23
Балаларға қыс кезеңінде кездесетін қауіптерді түсіндіру
Қыс кезеңінде су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүргізу аясында, сондай-ақ мұздағы қауіпсіздік қағидалары туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру және қауіп туған жағдайда іс-қимылдарға үйрету мақсатында Семей қ. ТЖ басқармасының Суда құтқару қызметі қызметкерлері «Қыс кезеңіндегі қауіпсіздік, сондай-ақ мұздағы қауіпсіздік» тақырыбында онлайн режимінде интерактивті сабақ өткізді.
Құтқарушылар балаларға жұқа мұзға шығудың қауіпі туралы, қыс кезеңінде су айдынында орын алған қайғылы оқиғаның куәгер болған жағдайда не істеу керектігін айтып өтті. 
Семейлік құтқарушылар үшін қыс кезеңі –қызу жұмысқа толы кезең. Алғашқы мұз балалар үшін өте қауіпті. Осындай интерактивті сабақтар барысында ТЖ қызметкерлері суда өзін-өзі ұстаудың негізгі қағидаларына тоқталып, жұқа мұз үстіне шығу өмірлеріне қауіпті екенін және басқа да қыс кезеңіндегі қауіптер туралы түсіндіріп өтті. Ағымдағы жылы орын алған ТЖ туралы мысалдар келтірді. 
Семей қ. ТЖБ және ШӨАШЖҚ қызметкерлері өткізген интерактивті сабақтың мақсаты – әр оқушыға әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау және аман қалу әдістерін үйрету болды. 
Интерактивті сабаққа 25 мектеп, 1340 оқушы қатысты. 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ