Басы » УЧС » Жаналықтар » Автотранспорттағы өрт қауіпсіздігі
Автотранспорттағы өрт қауіпсіздігі
Автор: УЧС
13-02-2018 16:28
Автотранспорттағы өрт қауіпсіздігі
Семей қаласындағы тұрғын секторындағы өрттердің өсуімен бірге автотранспорттағы өрттер саны да өсуде. Ағымдағы жыл басынан автотранстортта 12 өрт тіркелді. Автотранспортта орын алған өрттердің негізгі себептері - қауіпі жоғары агрегаттарды абайсыз пайдалану. 
Семей қаласының ТЖБ МӨББ қызметкерлері автотранспорттағы өрттер санын азайту мақсатында, Таксомоторный парк автобустарының жүргізушілері арасында жадынамалар мен парақшаларды тарату арқылы автотранпорттағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. 
Автомобильдік транспорт объектілері өрт қауіпі жоғары көздер болып табылады. Бұл ретте, автотранспортта болған елеусіз өрттің өзі, адам өліміне немесе жарақаттануына әкеп соғуы мүмкін. 
Қызметкерлер жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде статистиканы келтіріп, өрттердің шығу салдарын және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібін айтып өтті.  
Өрттер статистикасына сәйкес автотранспорттағы өрттердің өсуі қыс уақытында байқалады, қыс кезінде көлік иелері қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамайтыны белгілі; алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтамайды, қауіпсіздік талаптарына сәйкес электр жабдықтарын реттемейді, жылыту үшін дәнекерлейтін лампаны пайдаланады.
Көліктегі өрт өте жылдам тарайды. Бензин және күйген резеңке иісінің шығуы, капоттан түтін шығуы бұл өрттің алғы шарттары деуге болады.
Семей қ. ТЖБ қызметкерлері адам өмірі мен материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында, барлық авто көлік иелеріне жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарын алуға және өз көліктерін қауіпсіз жағдайға келтіруге ұсыныс берді. 
Көлік иелері арасында профилактикалық шаралар жалғасуда. 
 
 
Семей қ. ТЖБ МӨББ инженері Азамат Кунафин