Басы » УЧС » Жаналықтар » Судағы қауіпсіздік туралы теледидар арналарындағы бағдарламада
Судағы қауіпсіздік туралы теледидар арналарындағы бағдарламада
Автор: УЧС
27-07-2018 14:50
Судағы қауіпсіздік туралы теледидар арналарындағы бағдарламада
Биылғы шілде айының 24 – 25-і күндері Семей қ. ТЖБ ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы Марат Даулетин «ТВК-6» телеарнасының «Айтарым бар» бағдарламасы мен «SEMEI» телеарнасының «Сәлем Семей!» бағдараламаларына шақырырылып қаладағы суға шомылу маусымының өту барысы тақырбына арналған тақырыптағы бағдарламаларға қатысты.
Даулетин Марат жүргізушілердің сұрақтарына кеңінен тоқталып толығымен жауап берді. Ол Семей қ. ТЖБ суға шомылу маусымына дайындықты ерте, көктемгі су тасқыны мерзімі өтісімен, бастап кететінін жеткізді.
Талдауға сүйенсек өткен 2017 жылы Семей қ. әкімшілік аймағындағы су акваторияларында жыл басынан шілде айына дейін 7 адам суға кеткен болатын. Балалардың суға кетуі тіркелмеген. Биыл жыл басыныан осы уақытқа дейін 4 адам суға кетті. Бала  шығыны жоқ. Оның төртеуі сы уақытпен салыстырғанда 
Бүгінгі күні Семей қаласында арнайы дайындалған жағажай болмағандықтан тұрғындар еріксіз өз беттеріміен қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген «Ертіс» өзенінің бойында, «Колхозка» көлі мен Мұрат ауылы маңында орналасқан «Котлован» аталып кеткен көл маңында т.с.с жерлерде шомылуға мәжбүр. 
Судағы  қауіпсіздікті сақтау мен адам шығынын болдырмау мақсатында құтқарушылар арнайы бағытталған  шараларды іске асыруда. Ол суға түсуге шоғырланған азаматтар арасында судағы қауіпсіздікті сақтау қағидалары мен ережелерді насихаттау. Оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелерінде құтқарушылар тарапынан жүргізілетін судағы қауіпсіздіктің алдын алу мен ескерту парақтарын арнайы тақталарға ілу. Демалыс күндері жергілікті полиция қызмекерлері мен білім беру бөлімінің мамандарының қатысуымен рейд жүргізу. Рейд барысында демалушылармен және балықшылармен әңгіме барысында қауіпсіздікті сақтау туралы, балаларды жалғыз қалдырмау, ішімдік ішіп суға түспеу жайында  ескерту жасалады. 
Бұл бағытта Семей қ. ТЖБ әртүрлі сайттар мен газеттерге, ұялы телефондағы мессенджерлерге, БҰҚ күнделікті ақпараттар жолдап. Билборд пен баннерлер арқылы халық арасында тиісті ақпараттарды көптеп тарату арқылы судағы қауіпсіздікті қадағалаіды қатаң бақылауда ұстайды.
Бірақ соған қарамастан қарапайым ережелерді сақтамай суға кетіп жатқандар бар.
Биылғы суға кетудің негізгі себептері мас күйінде суға түсуге тиым салынған жерлерде шомылу. Суға түсу ережесін бұзу болып тұр.
Құрметті қала тұрғындары! Азаматтар Суға шомылу ойын емес, кез келген су объектісі өзен де көл де қарапайым қағида мен ережені сақтамасаңыз өміріңізге қауіп төндіретінін ұмытпағыз! 
 
 
ШҚО ТЖБ Семей қ.ТЖБ