Басы » УЧС » Жаналықтар » Өз халқыңның тарихын және ескерткіш орындарын білу
Өз халқыңның тарихын және ескерткіш орындарын білу
Автор: УЧС
12-06-2019 12:24
Өз халқыңның тарихын және ескерткіш орындарын білу
Адамның рухани дамуы оның туған жерімен, мәдениетімен және тарихымен тығыз байланысқа негізделген. Осындай бағыттарға тұлғалары қасиетті орындарда мәңгі тұғырланған ата-бабаларымыздың ерліктерін қосуға болады. Тарихи орындарды білу бізді көп нәрселерге үйретеді, олардан қажетті өмірлік күш алуға жетелейді.
Рухани жаңғыру және де біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің орындарын, әдеп-ғұрыптарды жете білу мақсатында Семей қаласы ТЖБ ЗҚҚАжАҚБТ қызметкерлері Абай ауданындағы киелі жерлерге барып келді.
Абай ауданы тарихқа бай өлке. Ауданда Абай Құнанбаевтың және Мұхтар Әуезовтың мұражайлары, Абай мен Шәкәрімнің мемориалдық кешендері, Қоңыр Әулие және Сарыкөл үңгірлері, Еңілік-Кебек ескерткіштері, сондай-ақ, басқа да тарихи және саяхаттық маңызы бар естелік орындары бар.
Қызметкерлер Семей-Қарауыл тас жолының бойындағы Еңілік-Кебек ескерткішіне тағзым етті. Мұнара қос ғашық, 1780 жылы билер сотының құрбандары болған Еңілік атты жас қызбен Кебек атты жігіттің зираттарының үстіне салынған. Ескерткіш күмбезі бар 6 метрлік мұнарадан тұрады, 4 жағынан шығыс өрнектерімен безендірілген аркалары бар. Ескерткіштің беткі жағында «Еңілік-Кебек» деген жазбасы бар. 
Ары қарай жол «Қоңыр Әулие» үңгіріне жетелейді. Халық арасында бұл орынды табиғаттың сыйы ретінде қабылдайды. Осы орында болып кеткен адам барлық ауыруларынан айығады деген сенім бар. Үңгірдің ішінде саф таза суы бар көл бар. Сондықтан осы суға түсіп шығуға келген адамдардың легі ешқашан толастаған емес. 
Осындай тарихи орындармен танысып, олар туралы мағлұмат алғанымыз бізді көп уақытқа дейін энергия мен сергектікке байытатыны сөзсіз.
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей