Басы » УЧС » Жаналықтар » Қутқарушылар суда батқан жасөспірімді іздеу барысында
Қутқарушылар суда батқан жасөспірімді іздеу барысында
Автор: УЧС
04-07-2019 09:22
Қутқарушылар суда батқан жасөспірімді іздеу барысында
Суда адамдарды және балаларды қауіп-қатер күтіп тұр. Суға шомылу маусымы басталғанына бір ай өтті, ал су айдындарында 3 адам батып кетті.
Кеше ғана, маусымның 3-де, кешке қарай тағы бір оқыс оқиға болды, Восточный к. Семипалатинка ағысында 16-жасар жасөспірім суда батып кетті.
16:58-де  келіп түскен дабылға Семей қ. «ШААЖҚЖ»  бөлімнін қутқарушылары ТЖ болған орынға шықты. Батып кеткенді іздеу операциясында ШААЖҚЖ арнайы құрамның 4 қутқарушылары іске қосылды.  Оқиға жеріне келгеннен соң бірден су арнасына, оқыс болған жерден шамамен 1,2 шм. арақашықта суға сүңгу жұмысын өткізуге кірісті, іздеу 1,8-2,5 метр (6 метр) тереңдікте өткізілді, бірақ нәтижесін берген жоқ.
Адамдардын қауіпсіздігін қамту мақсатында, су айдындағы оқыс оқиғаларды және  өлімді азайту үшін ТЖ Басқармасынын және ШААЖҚЖ бөлімнің қутқарушылары бірлесіп әр демалыс сайын профилактикалық рейд жүргізеді, рейдті жүргізу барысында халықпен әңгімелер жүргізіледі, насихаттау материалдары таратылады.  
Барлық оқыс оқиғалар шомылуға арналмаған, «жабайы жағажай»- дейтін жерлерде, адамдарға сай жағдай жасалмаған жерлерде болады.
Семей қ. ТЖ Басқармасы су айдындағы қауіпсіздік ережелерін, тәртібін сақтауға назар аудару керек екенін ескертеді.
Қатаң тыйым салынған:
—  мас кезінде суға кіру және шомылу;
—  қайықтан, кемеден, айлақтан, тағы басқа осы мақсатқа беиімделмеген құрылыстардан секіру;
— жабдықталмаған жерлерде сүнгу;
— шекараны белгілейтін  шабыс жаққа жүзу;
— жүзуге беимделмеген заттармен жүзу;
— техникалық және ескертпе белгілерге, шабыстарға өрмелеп шығу;
— балаларға улкендердің қарауыңсыз суға кіру.
Әрбір адам шомылуға жиналғанда, қауіпті жерлерді және су айдыннын ерекшелігін білуі тиіс, себебі, жабдықталмаған жерлерде қойтастар, батып кеткен бөренелер, темір бөліктері, шыны және басқа да нәрселер болуы мүмкін.  Келе жатқан кемелерге және моторлы қайықтарға жүзу өте қауіпті.
Ұзақ жүзу де денсаулыққа қауіпті екенін белгілеу маңызды, шомылудың ұзақтығы ауаның, судың температурасына, желдің күшіне байланысты.
Көмекке шақыруға қысылманыздар, бірақ жалған дыбыстық сигнал бермеңіздер.
            
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ