Басы » УЧС » Жаналықтар » «Ең үздік» – атағы үшін жарыс
«Ең үздік» – атағы үшін жарыс
Автор: УЧС
04-10-2019 09:29
«Ең үздік» – атағы үшін жарыс
2019 жылы 1 қазанда «ШҚО ӨСжАҚЖҚ» ММ Семей қ. Жасағында өрт сөндіру бөлімшесі арасында «ГТҚҚ үздік буыны» және «Қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекет» жыл сайынғы жарыс өтті.
Аталмыш жарыстар жасақтың жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіру және дайындығын арттыру мақсатында өткізіледі, тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша тиімді әрекет пен жедел әзірліктің жоғары деңгейіне қол жеткізудің теориялық білімдері мен  практикалық дағдыларын бекіту. 
Газ-түтіннен қорғаушылардың жарысы жыл сайын өткізілуі дәстүрге айналды, олардың негізгі кезеңі:
1. тыныс алу аппаратына бақылау тексеру жүргізу.
2. Эстафета.
3. Барлау жүргізу және зардап шегушіні таза ауаға шығара отырып іздеу. 
4. Су оқпандарын бере отырып, автоцистернада бөлімшені өрістету. 
Төрт кезеңнін нәтижесі бойынша женімпаздар анықталды. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері арасында бірінші орынды 11-ӨСБ 2 және 3 орынды 39-ӨСБ 13-ӨСБ иеленді.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге жеке есепте грамоталар табыс етілді.
Өрткен жарыс Семей қаласының құтқарушылары өздерінің міндеттерін орындауға дайын екенің тағы бір рет растады. Барлық буындар белгіленген нормативтерді еңсереді, ал бұл нақты жауынгерлік жағдайларда жұмыс істей алады. 
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей