Басы » УЧС » Жаналықтар » Семей қ. №13 өрт сөндіру бөлімінің аумағында ардагерлер Аллеясы және естелік Стеласы ашылды
Семей қ. №13 өрт сөндіру бөлімінің аумағында ардагерлер Аллеясы және естелік Стеласы ашылды
Автор: УЧС
04-10-2019 09:33
Семей қ. №13 өрт сөндіру бөлімінің аумағында ардагерлер Аллеясы және естелік Стеласы ашылды
Бүгін  2019 жылдың 25 қыркүйегінде Семейде ардагерлер Аллеясы мен естелік Стелласы ашылды. 
Аллея және Стела Семей қ. Жасағының №13 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.Салтанатты іс-шараға ардагерлер,зейнеткерлер,13-ӨСБ басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Ардагерлер Аллеясы мен Стеланы құрметті ардагерлер Жакенов О.Ж. және Люсиковский В.И. ашты.  
Семей қ. ТЖБ бастығы Бақытбек Байбуров өз сөзінде: «Бүгін біз Қарттар күні,сондай-ақ «Құтқарушылар күні» қарсаңында ардагерлер Аллеясын және естелік Стеласының ашалатындығын атап өтті
Аллея және Стела Семей өңірінің өртке қарсы қызмет жүйесін құрған, дәстүрлер мен ардагерлердің тәжірибесін сақтап келгендерден естеліктің нышаны болып табылады. Біздің ардагерлерге құрмет! 
Содан кейін Батырханова Ш.М. сияқты ардагерлер сөз сөйледі: ол қызмет еткен кездегі өрт сөндіру бөлімдерін іргетастан тұрғызған алғашқы басшылары туралы айтып берді.
Бүгін көптеген адамдар бізбен бірге жоқ, бірақ ардагерлер Аллеясы олардың азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін әрдайым есте сақтайтын болады.
 
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ