Басы » УЧС » Жаналықтар » Семей жас құтқарушылары «Қауіпсіздік мектебі» облыстық жарысына қатысты
Семей жас құтқарушылары «Қауіпсіздік мектебі» облыстық жарысына қатысты
Автор: УЧС
08-10-2019 10:22
Семей жас құтқарушылары «Қауіпсіздік мектебі» облыстық жарысына қатысты
2019 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында «Қауіпсіздік мектебі - 2019» облыстық жарысы   Глубокое ауданының «Дарын» балалар сауықтыру лагері базасында өтті, сол жарысқа Семей қ. «Жас құтқарушы» аула клубының командасы құрамынан 15-17 жас аралығындағы, 7 қатысушы (5 ұл, 2 қыз) қатысты.
Сонымен қатар облыстық жарысқа Шығыс Қазақстан облысы аудандары мен қалаларынан 15 команда қатысты. Екі күн ішінде барлық кезеңдерде командалар арасында табанды күрес жүргізілді.
Жарыстың міндетті түрлерінің бағдарламасы келесі қашықтықтардан тұрды: «Визит карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Кедергілер жолағы», «Алғашқы медициналық  көмек көрсету», «Спортландия: «Бәріміз біріміз үшін-біріміз бәріміз үшін», сондай-ақ жарыс бағдарламасына міндетті түрде «Стенгазета» және «Бәрін білгіш» конкурстық бағдарламасы кірді.  
Сонымен, жарыс басталды. Семей қ. жас құтқарушылар командасы сапқа тұру үшін салтанатты түрде аулалық клубтың жалауымен шықты. Жеребе тастағаннан кейін бірінші күні біздің команда қабырға газетін дайындап көрсетті, ал кешке кешкі астан кейін визит карточкасын ұсынды.
Негізгі жарыстар екінші күні басталды. Сынақ қиын болды, балаларға 5 күрделі дистанциадан өту керек болды. Әрине, жарыс алдында үлкен дайындықсыз, «Жас құтқарушы» аула клубының балаларының жеңе алуы екіталай болар еді. 
Семей командасы «алғашқы медициналық көмек көрсету» кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, барлық сұрақтарға жауап беріп, ең көп ұпай жинаған..   
«Спортландия: «Бәріміз біріміз үшін-біріміз бәріміз үшін» дистанциясында бес кезеңнен өту керек болды. Жас құтқарушылар командасы осы қашықтықта үшінші орынды иеленді. 
Нәтижесінде «Кедергілер жолағы» қашықтығынан өткеннен кейін, жеңімпаздар анықталды. Семей қ. жас құтқарушылары 4- ші орынға ие болды.
«Қауіпсіздік мектебі» жарысының мақсаты - өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа түрлері мен әдістерін енгізу. Тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа ТЖ туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.. Біз бүгінгі жас ұрпақ қиындықтарды жеңуге әрқашан дайын болады, құтқарушылардың жұмысын мақтан тұтып және өз достары мен жақындары арасында алған білімдерін таратады  деп үміттенеміз. Бұл жарыс жыл сайын Көкшетау қ. өтетін республикалық жарыстарға қатысу үшін жас құтқарушылар командалары арасында іріктеу туры болды. 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ