Басы » УЧС » Жаналықтар » Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!
Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!
Автор: УЧС
08-11-2019 11:33
Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!
Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!
 
Құрметті ата-аналар! Біз Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Семей қ. Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау қызметкерлері сіздерге сіздің балаңыздың болашақ мамандығы туралы ойлануға кеңес береміз!
Азаматтық қорғау қызметі қазіргі уақытта ең асыл, жауапты мамандықтардың бірі.Азаматтық қорғау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін іс-шаралар кешенін білдіреді. Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтиды.   
Азаматтық қорғаудың жоғары білікті мамандарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жоғары оқу орнында даярлайды. Көкшетау техникалық институтына күндізгі оқу түріне 25 жасқа дейінгі, оқу жылының басында 16 жасқа толған, жалпы орта немесе орта кәсіптік білімі бар, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, түсу емтихандарын табысты тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Мемлекет есебіне оқу, оқу аяқталғаннан кейің міндетті жұмыспен қамтамасыз етіледі және офицерлік атақ беріледі. 
Аталған институт жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар, төтенше жағдайларда міндеттерді шеше алатын білікті офицерлерді дайындайды.
Институт туралы қосымша ақпаратты, іріктеу және қабылдау ережелерін Семей қаласының өртке қарсы қызметінен мына мекен-жай бойынша алуға болады: Дулатов көшесі 137, тел: 56 47 30.    
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей қаласы бойынша  ТЖБ