БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді
Автор: "БЖЗҚ" АҚ Семей қаласындағы өңірлік филиалы
19-06-2019 10:35
БЖЗҚ Ашық есік күнін өткізеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 2019 жылдың 21 маусымында өзінің барлық филиалында кезекті Ашық есік күнін өткізеді.  
Бұл жолғы шараның артықшылығы сол, бұл күні Қор мамандарымен қатар тұрғындарға әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері келушілерге әр түрлі сұрақтар бойынша жауаптар мен ақыл-кеңестер береді.
Ашық есік күнін өткізудегі басты мақсат – салымшыларға зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік сала бойынша жан-жақты ақпарат беру және ең керекті қызметтерді бір жерде көрсету. 
Сіздердің сұрақтарыңызға мына құрылымдардың мамандары жауап береді:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
- «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ
- «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы»
- «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті».   
Шараға қатысушылардың барлығы бағалау сауалнамасы арқылы өздерінің пікірлері мен ескертпелерін жазып қалдыра алады.    
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметтері туралы толық ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінен алуға болады. 
Біз сіздерді ШҚО, Өскемен қ-ы, Победа д-ы, 3/2 үй, мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Шығыс-Қазақстан облыстық филиалының кеңсесінде күтеміз.  
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 
 
 
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz