Басы » ШҚО мемлекеттік кіріс Департаментінің Семей қаласы » Жаналықтар » 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі
Автор: ШҚО мемлекеттік кіріс Департаментінің Семей қаласы
17-05-2018 15:17
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі
Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту мақсатында жеке кірістерді салық салуды кең көлемді басқару мәселесін шешудің маңызды шарты халықтың табысы мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты - көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресу үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту.
Жалпыға бірдей декларациялау енгізген кезде, келесі тұлғалар декларацияларды тапсыруға тиісті:
- Қазақстанның  кәмелетке толған азаматтары; оралмандар; тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
- кәмелетке толмаған адам болып табылатын жеке тұлғалар- егер оларда тіркелген мүлік болса немесе олар табыс тапса;
- шетелдік адамдар - егер Қазақстанда меншік бар болса немесе салық салуға жататын қазақстандық көздерден жеке табыс алса (төлем көзінен емес).
2020 жылы декларациялау жүйесіне кірген кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларация (бір реттік декларация) тапсырылады, онда меншік құқығындағы мүлікті көрсету қажет, соның ішінде пәтерлер, автокөліктер, банктердегі салымдар және т.б., сондай-ақ 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке тұлғаның міндеттемелері.
Болашақта тұрғындар алған табыстар, сатып алынған мүлік бойынша жылдық декларацияны тапсырады.
Сонымен қатар, жалақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа табыстарға ие болмаған немесе мүлікті сатпаған тұлғалар кез-келген сан көрсетпестен бір парақтағы қысқаша мәлімдеме береді.
Егер адам кірістердің кең ауқымын иеленсе, басқа табысты алады немесе мүлікті, бағалы қағаздарды немесе қаржы активтерін сатып алса, ол толық мәлімдеме беруі керек.
Декларацияларды берудің екі мерзімі бар:
- 15 шілдеден кешіктірмей - қағаз жеткізгіште
- 15 қыркүйектен кешіктірмей - электрондық түрде.
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Заң қызметі және салықтық заңнаманы түсіндіру бөлімі