Салық төлеушілер назарына!
Автор: ШҚО мемлекеттік кіріс Департаментінің Семей қаласы
07-12-2018 10:08
Салық төлеушілер назарына!
Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды. 
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шот-фактураларды электрондық нысанда жазып беруге міндетті:
- қосылған құн салығын төлеушілер;
- импортталған тауарды өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер.
Сонымен қатар, назарларыңызға келесіні хабарлаймыз Салық кодексінің 88-бабының 1 тармағының 10 тармақшасы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Осы уақытта Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның функционалы «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында іске асырылған.
 
 
Семей қаласы бойынша мемлекеттік 
кірістер басқармасы
Заң қызметі және салықтық
заңнаманы түсіндіру бөлімі